Дәріс № 9
Су экожүйесі оны қалпына келтіру.
Су адамдар мен жануарлардың ағзасына еніп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Көптеген процестер сулы ортада ғана жүреді.
Қазақстандағы негізгі су көздері – ол өзендер, көлдер. Өзендер құрлық бетіндегі табиғи сулармен тұраұты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.
Қазақстан территориясынан ағатын ұзын өзендер; Ертіс(1698), Сырдария (1692) , Есіл (1719), Жайық (1084) , ірі өзендерге Ойыл, Сағыз, Жем, Арыс, Шу, Ырғыз.
Әр түрлі өндірістердің дамуына байланысты ХХ1 ғасырдың басына дейін шайынды қалдық сулардың көлемі 6000 км ( ) жетті. Оңтүстік Қазақстан облысында 1989 жылы улы қосылыстар тасталып Кировск каналында және Сырдария өзенінде 9300 дана балық қырылған. Зерттеулер нәтижесінде судағы тұз мөлшерінің көбеюі ( 1000 мг.л) асқазанның су-тұз алмасу қызметтерін өзгертеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде тұзды суды көп пайдаланғанда жануарлардың қуықтарында тас байланғандығын дәлелдеген.
1988-1989 жылдарда Қазақстанның жер беті суларында мыстың, мырыштың орташа мөлшері 1,3-2,5 есе көбейді.
Сырдария өзенінің ластануында, құрамында тыңайтқыштары бар күріш, мақта егінінде қолданылған ақаба судың орны ерекше. Жамбыл облысының химия өндірісінде 1980 жылдары бірнеше рет апат болып , улы заттар сол аумақтағы көлдерге құйылып , оларды улы суларға айналдырған.
Жер асты сулары жер қыртысын құрайтын ,тау жыныстарының ішіндегі сулар. Жер асты суларын ертеде «құдық суы» деп атаған. Олар жер бетінен 1,5 м-ден,50-70 м-ге дейінгі тереңдіктерде кездеседі.
Артезиан сулары -75-100 м-ден астам теренде жатқан шөгінді тау жыныстарында қалыптасады.
Жер асты суларының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының , қар, жауын суларының жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады., оларды тұздардың минералдық мөлшеріне сәйкес тұщы( минералдығы 1 г-л- дейін) , ашқылтым 1-10 г-л , тұзды 10-50 г-л , тұздық 50 г-л-ден жоғары.
Сулар көп жағдайда әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Сумен емдеуді гидротерапия деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |