Дәріс №10
Климаттық, химиялық мелиорация.
Микро және мезоклиматтың метеорологиялық процестері мен факторларының қасиеттері мен ландшафттарының атқаратын қызметін өзгерту жолымен бағытты жақсартуды обектісі – ауа мен топырақтың жерге жақын қабаттары . Климаттық мелиорацияның екі негізгі бағыты анықталды:
Радиациялық және жылу балансы құрылымының жаңаруы, сонымен қатар ландшафттың төселмелі қабатының , жел режимінің өзгеруі
Метеорологиялық процестерге тікелей әсер ету.
Ландшафттардың радиациялық және жылу балансының құрылымының айтарлықтай бқзылуы су мелиорациясына байланысты. Суландыру жылу балансының құрамының өзгеруіне әкеледі. Құрғатқанда кері процесс жүреді, ауа мен су қабатының жылынуы жүреді.
Топырақтың термиялық режимінің өзгеруі жер мелиорациясын туғызады және өсімдік жамылғысын түзеді. Ол мәдени техникалық және агротехникалық әс шаралар, орман алқаптарын жасау, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану.
Пайдалану процесінде топырақтың табиғи құнарлығы және оның азуы жоғары өнімділік алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан жердің химиялық мелиорациясы дегеніміз топырақтың физико–химиялықт қасиетін жақсартуға және түрлі химиялық қосылыстарды енгізуге бағытталған әдістердің жиынтығы. Химиялық мелиорацияға деген қажеттілік «топырақ–өсімдік» жүйесінде қор заттарының балансының бұзылуы нәтижесінде пайда болды. Химиялық мелиорация төмендегідей іс шаралардан тұрады: органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу, қышқыл топырақты ізбестеу, сортағ топырақтарды гипстеу.
Достарыңызбен бөлісу: |