Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна


Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны



бет100/200
Дата11.10.2023
өлшемі2,65 Mb.
#184801
түріСеминар
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200
Байланысты:
ББ аймағ.жобалау

Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны. Жобалау әрекетін оқыту мазмұнына сәйкестендіре жүргізу – мектеп әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Өйткені, білім беру мазмұны өз заңдылығы бойынша жылдар бойында қалыптасқан тұтас білім беру жүйесінің маңызды бір компоненті. Мазмұндық компоненті ретінде ол оқыту әдістемесі, білім беруді ұйымдастыру кеңістігі мен уақыты, оқулықтар мен бағдарламалар, басқару мен қадағалау сияқты басқа да элементтермен үйлестіріліп, реттеліп отыратын тұтас құрылым немесе жүйеге қызмет етеді.
Сондықтан, білім беру мазмұнына өзгеріс ендіру білім беру жүйесінің барлық компоненттерін өзгертуді қажет етеді. Бұған қоса білім беруді басқару жүйесі, педагогтарды даярлау және қайта даярлау жүйесі құрылымдары да бұл жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды.
Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа талаптар оның мазмұнына өзгерістер ендіру қажеттігін тудырып отырғаны белгілі.
Барлығымызға белгілі, қазіргі білім пәндік принциппен құрылған, атап айтқанда, белгілі бір пәннің ғылыми – теориялық негізге алынып, ол мектеп бағдарламасына енгізілген. Оқушылар мектептен әр пәннің ғылыми негізін, игеріп, өз таңдаулары бойынша одан әрі тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады.
Оқушының игеретін білімі оқулықтарда негізінен теориялық, білімдік тұрғыдан құрылып, алған білімдерін пайдаға асыру жолдарына берілетін уақыт шектеулі болып келеді. Мысалы, физика сабағынан ток өткізгіштік теориялары мен формулаларын өте жақсы игерген оқушы сол білімі негізінде радиоқабылдағыштарды қандай жағдай алады деу қиын. Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық қысымның ережелерін жатқа айта алады, текстерді жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б.
Жобалау әрекетінің білімдік тұрғыдағы әдістемелерден айырмашылығы сол, оның барысында оқушылар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланады, яғни білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау әрекетін жүргізудің құрамына айналады.
Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл өз кезегінде сыныптың – сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым – қатынасы да, бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Шынайы өмірдегі қалыптасқан жағдайды біле отырып, дәл бүгін осы өзгерістер бола қалады дей алмаймыз, өйткені, білім мазмұны стандарттар арқылы ендіріледі, ал елімізде 12 – жылдық білім берудің құзыреттілікке бағытталған нәтижелерін көздейтін жаңа стандарттар 2015 жылдары дайын болады деп күтілуде.
Біз жарқын болашақтың келетініне сене отырып, дәл бүгінгі таңдағы білім мазмұны негізінде жобалау әрекетін ұйымдастырудың екі бағытын талдаймыз.
Біріншісі, мектептерде негізге алынып жүрген оқыту бағдарламаларының ішінен оқушылардың зерттеушілігін еркін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тақырыптар таңдай білу. Яғни, жоба арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін «Ауылдың, ауданның, қаланың мандшафттың картасын жасау», немесе, «Аудан, ауыл мақтанышы» (адам, табиғат немесе ғимарат, т.б.) тақырыптарындағы жобалар пәндік проблемаларды шешумен қатар, оқушылардың сабақтағы игерген біліміне қоса (ландшафт туралы теория, карта туралы ұғымдар, шартты белгілер, өз ойын жаза білу, мәтін құру т.б.) өзіндік қажетті коммуникативтік, ақпараттық, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға негіз болады.
Келесі бағыт – жобалаудың тұтас құрылымын орындауды мақсат етіп қоймастан, жобалауға тән – қалыптасқан жағдайды талдау, шағын тапсырмалар беру арқылы жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге қызығушылық туғызу т.б. Яғни, бұл жерде тұтас жоба жасау маңыздылығынан гөрі, оқушының әрекетін ұйымдастыруға еркін кеңістік беру маңыздылығына көңіл аударылады. Оқушы берілген тапсырманы орындау барысында сабақта алған теориялық білімін тапсырманы орындау құралына айналғанда ғана оның тұлғалық дамуы жүзеге асырылады. Жоба шағын болуы мүмкін,бірақ ол біздің дәстүрлі түсініктегі «жаттығу орындау», «ереже жаттау» емес. Жобаның өнімі қолмен ұстайтын, көрінетін де болмауы мүмкін, бірақ ол дәстүрлі сабақтан ерекше шығармашылық, еркіндік тұрғыдағы тапсырмалар болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет