Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна



бет102/200
Дата11.10.2023
өлшемі2,65 Mb.
#184801
түріСеминар
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   200
Байланысты:
ББ аймағ.жобалау

Оқыту үрдісіндегі жобалау әрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені ол оқыту үрдісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Жобалау әрекеті білім беру кеңістігі - әрекет субьектілерінің қарым – қатынасы, әрекеттері, әрекетке қатысушылар құралы мен әрекет ұйымдастырылатын бөлмені де құрайды.
Дәстүрлі білім беру жағдайында кеңістік мұғалімнің оқушыға тікелей білім беру мақсатына қызмет етеді, соған ыңғайластырады. Онда білім беруші, білім алушы ролдері өте нақты болғандықтан оның техникасы мен әдістемесі бір жақты болады.
Класс кеңістігінің ұйымдастырылу принципі педагогты басты тұлға ретінде ала отырып, оның көмекші құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама – қарсы отыратын оқушылар да мұғалімге ыңғайлы болуы үшін құрылады.
Оқушылардың қатар – қатар отыруы сабақ барысында бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл кеңістік оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынаста ғана қолайлы. Бұндай құрылымдық кеңістік дәстүрлі оқытудың міндеттеріне сай құрылған және онда оқушы сабақты түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы.
Парталардың орналасуы да мұғалімнің кез келген оқушыны кез келген уақытта дәптерлерін оқуға, қателерін қарап жүруге құрылған. Ал, жобалау әрекеті білім беру кеңістігінің басқаша түріне, атап айтқанда:

  • біріншіден, типпен жұмыс түріне лайық болуын қажет етеді;

  • екіншіден әр топ өз жобасын орындайтын болғандықтан, әр топтың жұмыс орны бөлек болғаны жөн;

  • үшіншіден, жобаны орындауда ақпараттар, мәліметтер жинау және оларды талдау қажет болғандықтан, жұмыс орны компьютер желісіне, кітапханаға, медиатекаға т.б. ақпараттар көзіне шыға алатындай болуы керек;

  • төртіншіден, жобалау әрекеті негізінен белгілі бір өнім алумен байланысты болғандықтан зертхана, шығармашылық шеберханасы, т.б. оқушылардың өз қолдарымен өнім жасауға мүмкіндік беретін орындар болғаны жөн;

  • бесіншіден, жобалау қызметі міндетті түрде өнімді, нәтижені презентация жасаумен аяқталады.

Сондықтан оқу коммуникациясының жаңа түрі – конференция залдар, конкурс, есеп беру шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кеңістік қарастырылады. Жоба презентациясы басқа да оқушылар, педагогтардың жаппай қатысуын талап етеді.
Бүгінгі таңда мектептердің құрылымы класс – сабақ жүйесіне негізделгендіктен, аталған жобалау кеңістігін мектептегі бар мүмкіндік арқылы ұйымдастыру қажет болады. Мысалы, сабақ кестесіне өзгерістер, кітапхана мен зертханаларды жаңаша ұйымдастыру, т.б.
Қорыта айтқанда жобалау әрекеті барысында оқу әрекеттері дәстүрлі класс кеңістігімен кеңірек жүргізіліп, класс – сабақ жүйесін жаңаша құруға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет