"Есепке алынды(зачтено)/еспке алынбады (не зачтено)"
Семестр барысында студенттің жұмысын бағалауда ескерілуі тиіс:
Сабаққа қатысуы;
практикалық сабақтарға белсенді және өнімді қатысуы;
негізгі және қосымша әдебиеттерді оқуы, қарастыруы;
СӨЖ орындауы;
барлық тапсырмаларды өз уақытында орындауы.
СӨЖ бойынша үш тапсырманы өз уақытында орындамағаны үшін AW бағасы қойылады.
Академиялық тәртіп пен әдеп саясаты
Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізіңіз. Плагиат және де басқа әділетсіздікке жол жоқ. СӨЖ жұмысын тапсыру, аралық бақылау, емтихан кезінде бір-біріне кеңес беру, көшіруге және басқа студент үшін емтихан тапсыруға да жол берілмейді. Интранет жүйесіне рұқсатсыз енген, ақпаратты бұрмалаған, шпаргалка қолданған студенттерге қортындысында «F» бағасы қойылады.
Көмек: Өзіндік тапсырмаларды ( СӨЖ) орындау барысында, оны өткізуге байланысты туындаған сұрақтарға, сонымен қатар өтілген материалдар бойынша қосымша мәліметтер алу үшін оқытушының келісілген уақытына сәйкес кеңес ала аласыз.
Кафедра мәжілісінде бекітілді
№ ___ хаттама «____» ____________ 2012__ ж.
Кафедра меңгерушісі Ә. Қ. Мыңбаева
Оқытушы Ш.Т. Таубаева
«Білім беру аймағындағы жобалау» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын және бақылау жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар
1-СӨЖ: «Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары» тақырыбында реферат даярлаңыз.
Реферат даярлау мақсатында мына оқу құралын: Колесникова И.А. Педагогическое проектирование. Учебное пособие. М: Издательский центр «Академия», 2005.-288 с. (с. 20-44.) пайдаланыңыздар .
2. 2-CӨЖ: Педагогикалық жобалаудың түрлерін нақтылап баяндама жасаңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін мына кітапты: Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. 336 бет. зерделеңіздер. ИА. Колесникованның кітабынан жобалаудың түрлерін тізіп алып, анықтамаларын сөздіктерден іздестіріңіздер.
3. 3-CӨЖ: Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы негізінде бір мектептің даму жоспарының үлгісін жасаңыз.
Топтық жоба құрастыру үшін В.И.Загвязинскийдің, Р.Атахановтың «Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений» (М.: Изд. Центр "Академия", 2001. - 208 с.) оқу құралын, А.К.Мыңбаеваның «Современное образование в фокусе новых педагогических концепций, тенденций и идей: Монография». (Алматы: Раритет, 2005.-90 с. ) кітаптарын зерделеңіз. Сондай-ақ М.М. Поташниктің, В.С. Лазаревтің ғылыми еңбектерін оқыңыздар.