Курстың мақсаты: Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында болашақ педагогтарға жаңаша ойлау мен іс–әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалау әрекетіне үйрете отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас мәдениетіне қызығушылығын дамыту.
Курстың міндеттері:
студенттерді білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің мәнін тануға бағдарлау;
білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету;
білім беру үдерісінің мақсаттары мен мазмұнын жобалауда орындалатын талаптарды орындауға үйрету;
педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастыру;
оқушылардың жобалау әрекеті логикасын үйрету;
негізгі білім беру бағдарламалары, олардың құрылымы, типтері, жалпы орта білім берудің стандарттарын жасау негіздерімен таныстыру;
білім беру аймағындағы жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды жасауға және талдауға үйрету.
Курсты оқу барысында студенттер білуі тиіс:
-білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің мәнін;
-жобалаудың мәдени-тарихи көздерін;
-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдарын;
- педагогикалық жобалаудың түрлерін, жобалау әрекетінің қызметтерін;
- педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдарын;
-. педагогикалық жобалаудың мазмұны мен құрылымын, жобалау әрекетінің логикасын және ұйымдастыру кезеңдерін;
-педагогикалық жобалауға қатысушыларға қойылатын талаптарды.
Игеруі керек:
- педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасын;
-педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясын;
- оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттерін басқару жолдарын;
-жобалау әрекетінің негізгі нысаналарын;
-білім беру аймағындағы жобалау әрекетін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды, қазақстандық білім беру заңнамаларын;
- негізгі білім беру бағдарламаларының құрылымын, маман даярлаудың оқу жоспарын және тәрбие шаралары жоспарын құру әдістерін;
-жобалау технологияларын қолдану жүйесін.
Достарыңызбен бөлісу: |