Сабақ мақсаты: Оқушыларға жергілікті жерді бағдарлау туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу



Дата30.01.2017
өлшемі102,42 Kb.
#8315
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

география пәні сабағының жоспары


Мектеп : С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп

Мерзімі: 30.09.2016

Мұғалім: Жарылғасынова А.Т, Айтуарова А.Ж.

Сынып:6 Оқушы саны: 20

Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, ұқыптылық , бауырмалдық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жергілікті жерді бағдарлау туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақ міндеттері:

Білімділігі:

-Оқушыларға жерді дұрыс бағдарлаудың маңызы туралы түсіндіру;



Дамытушылығы:

-Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілігі:

-Оқушыларды қайырымдылыққа, ұқыптылыққа , бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақ әдістері: СТО

Ресурстар:

(материалдар, көздері)

Презентациялар, А3,А4 форматтары, конверттер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар


Сабақ барысы:

Сыртқы интеграция

(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

5Т ережесін еске түсіру

Тәртіп

Талап


Тыныштық

Тазалық


Татулық
1.Жағымды көңіл күйге бөлеу (3 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.
2.Үй тапсырмасы (5 мин)

Сыныпты 3 топқа конверттегі фигураларды үлестіріп, бірдей фигураларды біріктіру арқылы бөлемін. Топтарға «Тұсбағдар», «Азимут», «Көкжиек» деген ат қоямын.

Бағалау парақшалары таратылады. Топ басшылары сайланып, бағалау парақшаларын таратамын. Мынадай сұрақтар беремін.
1-топқа: Жер бетін картаға бейнелеудің қандай жаңа әдістерін білесіңдер?

2-топқа: Айдың бізге көрінбейтін арғы бетінің картасы қалай жасалған?

3-топқа: Орта ғасырларда Ұлы географиялық ашулардың қарсаңында жасалған глобуста Жер беті қалай бейнеленген?
3. Дәйексөз (5 мин)

«Туған жер – тұғырың, Туған ел - қыдырың».

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жазғызу

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау


Халық нақылы



Ішкі интеграция

Сабақ тақырыбымен жұмыс

Қызығушылықты ояту.

Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармасынан үзінді тыңдатып, оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.

-Үсен көшті табу үшін, жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?

Оқушылар жауабы:

1.Малдың жас тезегін тауып алуы;

2.Молалы жерде ел болады;

3.Құс ұшқан жерде көл болады, көлді жерде ел болады.

Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.

Бұрыннан таныс жерде тұсбағдар мен картаның көмегінсіз-ақ, ойланбастан, үйреншікті дағды бойынша жүре бересің. Ал бейтаныс жерде өзіңе қажетті бағытты тауып жүру оңай емес. Ол үшін алдымен түрлі әдістерді қолданып немесе картаны пайдалану арқылы бағдарлап алуға тура келеді.



Көшеде, немесе қоғамдық ортада адасып жүрген адамдар көп болады. Соларға көмек беру , жөн сұрасып, тура жолды нұсқау, көзделген нүктеге дөп жетуіне көз жеткізу адами дұрыс әрекет болып табылады. Танымасаң да адасқан жанға бауырымалдық танытып, қайырымды іс жасау адамгершілікке жатады.

Бағдарлану – ол көкжиек тұстарына қатысты өз орнын табу, бағыт бұрыштарын анықтау және оны қозғалыс бағыты бойында ұстана білу.

Негізгі бағдарлану тәсілдері:

Компас бойынша бағдарлану, аспан денелеріне қарап бағдарлану, күн мен сағат бойынша бағдарлану,

жергілікті белгілер бойынша бағдарлану.


Тұсбағдармен жұмыс істеу. Тұсбағдар құрылысымен танысайық. Тұсбағдардың магнит тілін тыныштандырып, үстелдің үстіне тегіс жерге қоямыз. Тұтқасын ұстап тартып, магнит тілін босат. Магнит тілінің көк жағы солтүстікті, ал қызыл жағы оңтүстікті көрсетеді.

Тұсбағдарды пайдалану ережелері:

  1. Тұсбағдарды пайдаланған кезде магнит тілі бекітулі тұруы керек, бос тұрса тез істен шығып қалуы мүмкін.

  2. Тұсбағдарды найзағайлы нөсер кезінде, өте қуатты электр желісі маңында және темір кені мол қоры жатқан жерде пайдалануға болмайды. Олардың әсерінен магнит тілі қатты ауытқиды да, көкжиек тұстарын дұрыс көрсетпейді.

  3. Тұсбағдардың магнит тілі циферблатқа тимей еркін қозғалып тұруы керек.

Азимут (арабша ас-симут – жол) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут тұсбағдардың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 00 –тан 3600-қа дейін есептелінеді.

Толық шеңбер 3600-тан тұрады.Соған сәйкес тұсбағдардың циферблаты 3600-қа бөлінген.

00 - солтүстік ; 1800 - оңтүстік

900 - шығыс ; 3600 – батысқа



Азимут бойынша жол тауып жүру. Карта бойынша немесе жер бетіндегі азимутты табу үшін тұсбағдарды дәлдеп қойғаннан кейін алынған нүктеге қарай жүргізілген бағыт циферблаттың қай градусына тура келетінін байқаймыз.Мысалы: ағашқа қарай -450 , төбеге қарай – 1350 , оқшау тұрған үйге қарай – 2250 , электр бағанына қарай – 3150 жүрейік. Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А=300.

(Сызбасы слайдпен көрсетіледі)


Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма: Постер қорғау

«Тұсбағдар»тобына: Тұсбағдармен жұмыс істеу, пайдалану ережесі;

«Азимут» тобына: Азимут туралы түсінік;

«Көкжиек» тобына: Азимут бойынша жол тауып жүру.



2-тапсырма

Транспортирді пайдаланып, кестедегі мәліметтердің жол сызбасын сал.

1-топ:

Бақыланған нысандар

Бақылаушыға қатысты орналасқан нысандар

Қашықтық

Азимуты

Мектеп

Оңтүстік




1800

Мәдениет үйі

Солтүстік-батыс




3150

Дәріхана

Солтүстік - батыс




600

Тұрғын үй

Шығыс




900

2-топ:


Бақыланған нысандар

Бақылаушыға қатысты орналасқан нысандар

Қашықтық

Азимуты

Көпір




150 м

450

Бұта




200 м

1100

Бұлақ




300 м

1800

Тоғай




180 м

900

3-топ:


Бақыланған нысандар

Бақылаушыға қатысты орналасқан нысандар

Қашықтық

Азимуты

Лагерь




200 м

1800

Ағаш




300 м

450

Көпір




150 м

900

Жеміс бағы




180 м

3600


Бағалау. Бағалау парақтары жинап, бағалаймын.
Кері байланыс. Оқушыларға «Сабақ ұнады ма? Неліктен?» Жауаптары қағаз түрінде қабылдау.



Оқушылар жауабы тыңдалады.



Үй тапсырмасы:

6-параграф материалымен жұмыс, сұрақтарына жауап беру, жұмыс дәптерлеріне тапсырмаларды орындау.

Топпен ән айту (5 мин)

«Өмір-өзен»(«Заман» тобы)

Асып-тасып, төгілетін,


Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай.
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай.
Әлденеге асықтырған
Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы:
Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы.
Қай жағада қалады?

Дүниеге алданады


Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, Жаратқан.
Сабақтың қорытынды сәті

Балалар, бүгінгі сабақтағы жақсы әсер, жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет