Аудандық семинарда өткізілетін өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған биология пәнінің сабақ жоспары
Күні: 18.04.2017ж
Date: 18.04.2017
|
Пән: Биология
Subject: Biology
|
Cынып: 7
Class: 7
|
Сабақтың тақырыбы:
Lesson topic:
|
Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.
|
Сабақтың мақсаты:
The purpose of the lesson:
|
Үй құстарының түрлері, қолтұқымдары туралы толық мағлұмат ала отырып, жаңа терминдерді ағылшынша үйрену. Сүйіспеншілік құндылығымен жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін дарыту.
|
Күтілетін нәтижесі:
Expectation result
|
Барлық оқушылар үй құстар туралы толық мәлімет алады;
Қолтұқымдардың түрлерімен танысады.
Адамдардың үй құстарын пайдалану себептерін біледі;
Ой қорытады, сыни тұрғыдан ойланады.
Жаңа терминдерді үйренеді;
Құстарды қорғаудың маңызын түсінеді.
|
Сабақтың түрі:
|
Интеграцияланған сабақ
|
Құндылық:
|
Сүйіспеншілік_
Қасиеттер: жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық
|
Негізгі идеялар:
The main ideas:
|
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ!
|
Оқыту модульдері:
Modules of teaching:
|
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, деңгейлік оқыту.
|
Қолданылатын ресурстар:
Resourсes:
|
Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаухат
7-сыныпқа арналған биология оқулығы, Қ.Қайым, Р.Сәтімбекова,Ә.Әметов, Ж.Қожантаева. 2012ж
6-сыныпқа арналған биология оқулығы, К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова. 2011ж;
Biology. Grade 7. Kenci Bayram, Ermetov Bakhtiyar,
Ospankulova Elmira, Bayzhahanov Adilbek, Sagintayev Adlet.
|
Тапсырмалар:
Tasks:
|
Оқулықпен жұмыс, топтық тапсырмалар;
Сұрақтарға жауап іздеу;
Терминдермен жұмыс.
Топтық жұмыс тапсырмалары
Кластер құру
Терминдерді аудару
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
The teacher’s activity
|
Оқушының іс-әрекеті
Pupil’s activity
|
Ұйымдастыру
Organization moment
(6 мин)
|
1.Амандасу, сабаққа дайындау. Сәлеметсіздер ме балалар!
Good morning students and teachers!
Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
5 Т. Тәртіп
Тазалық
Тыныштық
Талап
Татулық
2.Тыныштандыру сәті. Орманға саяхат 4 мин
3.Топқа таратпа сурет арқылы бөлу
3 топқа бөлінеді
1-топ: Су құстары: Үйрек, қаз, бірқазан, қоқиқаз, пингвин,аққу
2-топ: Орман құстары: тоқылдақ, бұлбұл, үкі, тотықұс, тауыс, тотықұс
3-топ: Дала құстары:
көгершін, бүркіт, сұңқар, бәбісек, қарлығаш, қараторғай.
4. Критерийалды бағалау парақшасын түсіндіру.
|
Ағылшын тілінде амандасады
Оқу-құралдарын дайындайды;
5 Т ережесімен танысады
Тыныштандыру сәтіне қатысады.
Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлау.
Бағалау бетшесін толтыру.
|
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Checking homework:
6.мин
|
Миға шабуыл:
Полиглот сұраққа жауап беру
Құс жұмыртқасының саруыз сыртындағы ұрықтың дамуына қажетті су қоры – ақуыз – albumen
Кептер, торғай, тоқылдақтың балапандары қандай?
Қызылшақа балапандар- altricial
Еуропада бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен алғашқы қанаттылар – Көнеқұс- archaeopteryx
Жорғалаушыларда бар, құстарда жоқ зәр шығару мүшесі – Қуық- bladder
Адамдардың құстарға қамқорлық көрсетуінің көрінісі –
Құс ұясы - Birds nest
Құстарда жұтқыншақтың кеңейген бөлігі- жемсау- crop
Жұмыртқаның сарыуызы мен ақуызын қорғайтын-
Жұмыртқа қабығы – eggshell
Қоразы жұмыртқа басатын, алдыңғы аяқтары ескекке айналған құсты ата-
Үлкен пингвин – emperor penguin
Құстың бүкіл денесін жауып тұратын, терінің қосалқы бөлімі-
Қауырсын – Feather
Қанаттары ұзын, сүйірленіп келетін, құстардың ең түрі көп тобы-
Қыртөстілер – flying birds
Құстардың ең ірісі-
Түйеқұс – ostrich
Құстарды зерттейтін ғылым –
Орнитология - Ornithology
|
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар слайд арқылы сұраққа екі-үш тілде жауап береді (12 сұрақ)
Сұраққа жауап критерийалды ұпай беру арқылы бағаланады.
Әр дұрыс жауап 5 ұпай
|
ІІІ Жаңа сабақты меңгеру
New lesson
(20мин)
|
Құс шаруашылығы туралы бейнебаян арқылы жаңа тақырыпты ашу. 3 мин
Тақырыпты жазып, жаңа терминдерді менгеру, сөздікпен жұмыс. 2 мин
Ішкі интеграция
(жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Сыныпқа үй құстарын қонаққа шақыру. Сыныпқа 3 түрлі үй құстары келеді тормен, әр топқа ортаға барады. Торда «Сәлем хат» болады. Оқушылар хатты ашып оқиды. Онда сабаққа қажетті мәліметтер мен тапсырмалар болады.
Оқушылар келген материалдар арқылы екі тілде кластер құрып дайындалады, жоба қорғайды.
1-топ: Құс шаруашылығы
2-топ: Үй құстарының маңызы
3-топ: Үй құстарының қолтұқымдары
|
Тақырыпты жазу
Жаңа терминді жазу:
1)Қолтұқым – breed
Үй хайуанаттары – Pets
Көгершін – pigeon
Бөдене - Quail
Күркетауық – Turkey
Әр топ өз тақырыбына жобаны 2 тілде қорғайды
Бағалау парақшасына топ басшысы ұпай салып отырады.
|
ІV Жаңа сабақты бекіту
5 мин
|
Кім жылдам? Әр топ тақтадағы термин сөзді қарап жазады.
Әр оқушы қағаз суырып сол терминді ағылшыннан қазақшаға аударады (Бөдене әкелген тапсырма)
|
Бағалау бетшесіне ұпай салады
|
V Бағалау
Evaluation
3 мин
|
Мұғалім формативті бағалай отырып, смайлик жапсырады.
Бағалау бетшесі бойынша критерийалды бағалау, марапаттау.
|
Оқушылар бір-бірін бағалайды.
|
VІ Қорытындылау
5 мин
|
Үй тапсырмасын беру
&57; терминдерді жаттау
Үй құстары туралы қызықты мәліметтер әкелу.
Рефлексия алу
Сабақты қорытындылау «Ақ көгершін» әнін орындайды.
Good-bye!
Thank you! See you!
Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!
|
1. Сабақта маған не ұнады?
2.Ұсынысыңыз немесе бір тілек жазыңыз.
Кері байланыс береді.
«Ақ көгершін» әнін орындайды.
|