ІІ. Ұйымдастырушылық кезең
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды теориялық қамтамасыз етуге даярлық жұмысын жүргізу.
Мазмұны:
Иерархиялық түрдегі әдістемелік қызмет құрылымына өзгерістер енгізу: матрицалық шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдарын, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топтар құрылады;
Педагогтардың ғылыми - әдістемелік, инновациялық білімдерін толықтыру үшін тақырыптық семинарлар мен тренингтер жүргізіледі;
Педагогтардың зерттеушілік сапаларын дамыту, зерттеу тақырыптары бойынша іс тәжірибелерін жүргізуге жағдай туғызылады;
Ғалымдармен байланыстар нығайтылып, жеке және топтық кеңес беру, семинарлар өткізу үшін филиалдық жұмыстар басталады;
Педагогтарды ынталандыру ережелерін құрастырылды;
Өзара шараларға, сабақтарға қатысу, дөңгелек үстел, жобаларын қорғау, шығармашылық есептер тыңдау, презентациялар жоспар бойынша орындалады.
ІІІ. Жүзеге асыру кезеңі
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:
Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;
Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д.Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;
Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер; сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау;
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік, сыныптаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;
Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата – аналардың түрлі тақырыптадағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |