Дайындаукезеңінде – педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығы;
Ұйымдастыру кезеңінде – теориялық даярлығы;
Жүзеге асыру кезеңінде – тәжірибелік даярлығы;
Бақылау бағалау кезеңінде – күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердің сәйкестігін анықтау, сәйкестендіру.
Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе құрылымында талқыланған педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жобасын ұйымдастыру бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген соң жүзеге асыру жұмысы басталды.
Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бөліп, және әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап, бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес өзгеше жұмыс түрлері пайдаланылады.
Жобалау арқылы педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктеріндамыту үшін, ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайысеминарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде ұйымдастырылды.
І. Дайындық кезеңі. Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны:
1. Педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау.
2. Ақпараттық база төмендегіше құрастырылады:
Тақырыптық семинарлар жүргізілді, әдебиеттермен, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етіледі;
Педагогтарды өз проблемалары бойынша қалалық семинарлар, ашық сабақтар, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады.
3. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады.
4. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады.
5. Педагогтар, сонымен қатар, өз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады.
6. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады.
7. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.