Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас əдебиетшілер
келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы»
(1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа
еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3
кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары
прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915
ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың
«Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары,
Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен
əңгімелері басылды.
Түркімен əдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны»
(1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының
«Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен
əңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: