үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі –
Эпихарм.
6.
АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз
дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның
ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика
аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле
бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке əдеби жанр
ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді,
комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға
дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид
пен Магнет туралы мəліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат
комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет
пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті
туралы бірқатар мағлұмат береді.
Достарыңызбен бөлісу: