Сабақты талдау формасы: Сабақ өткізген оқытушы өз сабағын талдайды: мақсатына жетті ме?
Сабаққа қатысушының талдауы
Мұғалімге ұсыныстар беріледі
Оқытушы қайтадан өзінің пікірін білдіреді
Талдау ережелері: 1. Өткен сабақты талқылау сабақты біте салысымен жүргізілуі керек.
2. Қатысқандар болған ашық сабақтың талқылауын кемшілікті көрсету мақсатында емес, тәжірибе алмасу, оған ұсыныс білдіру, сабақты әбден жетілдіруге көмектесу мақсатында өткізілгенін ұмытпауы керек.
3. Болған сабаққа қысқа және логикалық байланыспен талдау жүргізу.
4. Басқа сабаққа қатысушылардың пікірін тыңдап, қайталамауға тырысқаны жөн.