Жолдасов Азамат 3 «в» сыныбы Нан қайдан шығады? Нан ең алдымен бидай болып топыраққа көміледі. Содан соң ол топырақтан жер астынан шығады. Күзде оны комбайн жинап алып диірменнен өткізіп ұн болады. Одан соң оны наубайханада илеп, нан қылып шығарады. Осылай нан шығады.
Төлеп Тұрғанкүл 3 «в» сыныбы Нан қайдан шығады? Бір күні тышқан нан дүкеніне кіреді. Нандар сөреде үйіліп тұр екен.
«Тышқан осы нандар қайдан шығады екен»,- деді.
- Нан, сен қайдан шығасың? – деді тышқан.
- Сатушыдан сұра,- деді нан.
- Сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы. Тышқан наубайханаға келді.
- Нан қайдан шығады?- деді тышқан.
- Диірменшіден сұра,- деді наубайшы.
- Диірменші, нан қайдан шығады? - деп сұрады.
- Қырманшыдан сұрашы,- деді ол кісі. Тышқан қырманға келді. Адам көп екен. Біреуі бидай тазалап, екіншісі бидайды қапқа салып жатыр.
- Қырманшы, нан қайдан шығады?- деп тышқан сұрады.
- Комбайыншыдан сұра,- деп айтты.
- Көктемде тракторшы жер жыртады. Егіншілер дән себеді. Оны күтіп баптайды. Осының бәрі еңбек арқылы табылады.
- Ой мұның азап қой. Мен інімде жатып-ақ нан таба аламын.
- Әне, мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол-ақ екен тышқан зып етіп қашып кетті.