Хамитбекова Сабина 3 «в» сыныбы Нан қайдан шығады? Бір күні тышқан нан сататын дүкенге кіреді. Тышқан нанның иісін сезіп, нан қайдан шықты деп ойлайды. Тышқан нанға жақын келіп.
-Нан, нан, қайдан шықтың? – деп сұрайды.
-Сатушыдан сұра. Сонда тышқан сатушыға келіп:
-Сатушы, нан қайдан шықты? – деп сұрайды.
-Наубайханашыдан сұра, - дейді сатушы. Тышқан наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.
-Нан қайдан шықты?- деп бір наубайшыға келіп.
-Диірменшіден сұра,- дейді. Тышқан диірменшіге келіп.
-Нан қайдан шықты?- деп сұрайды диірменшіден.
-Қырманшыдан сұра,- дейді ол. Сонда тышқан қырманшыға келіп.
-Қырманшы, нан қайдан шықты?- дейді.
-Комбайыншыдан сұра. Тышқан комбайыншыға келіп:
-Комбайншы, нан қайдан шықты?
-Көктемде тракторшы жер жыртып, тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп, баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп енбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, – дейді комбайыншы.
-Ой мұның азап қой. Мен шалқайып-ақ нан таба аламын, - деп қутың-қутың етеді тышқан. Комбайыншы:
- Мысық келе жатыр,- деп еді, тышқан інге зып берді.