3 «в» сыныбы
Нан қайдан шығады?
Нан – біздің Отанымыздың байлығы. Тағылымның ең асылы – нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нанның аяқ астында жатқанын көргенде, оны жерден көтеру керек.
Күзде бидай орылып, жиналып, машинаға тиеліп, ұн тартатын зауытқа әкеледі. Онан соң наубайхана неше түрлі нан пісіреді.
Жақсылық Елдар
3 «г» сыныбы
Күз келді. Күн суытып жаңбыр жауады. Жапырақтар жерге түседі. Мектептерде «Алтын күз» мерекесі болады. Онда оқушылар ән айтып, би билеп, әзіл-ойындар айтады.
Ертазова Меруерт
3 «г» сыныбы
Туған күн
Мен туған күніме достарымды шақырамын. Анам дастарқан мәзірін дайындайды. Түрлі тағамдар пісіреді. Әсіресе маған ұнайтыны торт. Мен оны жақсы көремін. Достарыммен түрлі ойындар ойнаймыз.
Есмурзаева Сабина
3 «г» сынып
Қазақстан менің Отаным
Менің отаным – Қазақстан. Ол өте әдемі. Онда көп ұлттар тұрады. Мен өз еліме, жеріме өте мақтанамын, менің Отаным мен үшін аса қымбат жер. Отан деген – туып өскен жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға деген махабатпен тең. Қазақстан күн сайын дамып көркейіп жатыр. Менің Отанымның байлығы көп, өте әдемі табиғат, кең дала, биік таулар, көп өзендер, көлдер. Мен Қазақстанда Астана қаласында тудым. Менің Отанымда үлкен қалалар көп. Өзінің табиғаты әдемі.
Достарыңызбен бөлісу: |