Менің кәсіби ұстанымым



Дата08.02.2022
өлшемі14,57 Kb.
#124104
Байланысты:
Менің кәсіби ұстанымым
4444, Практическое занятие 11-1635469339894

Менің кәсіби ұстанымым.
«Егер менің өз туым болатын болса,онда есектің басы бейнеленетін еді себебі:мен математиканы есекке теңеймін.Есектің еңбегі адал еті арам дегендей жұртқа ең көп пайда әкелетін математика бірақ жұрттың ең көп қорқатыны да осы математика ...»(Асқар Жұмаділдаев)
Математика – ғылымдардың патшасы екенін бүкіл әлем мойындайтынын білеміз.Себебі өмірде барлығы да есептен тұрады. «Қайда барсаң да математикадан құтылмайсың» - деп Асқар Жұмаділдаев айтқандай өмірде барлық нәрсе математикадан тұратыны рас.Сонымен қатар математика адамның ойлау қабілетін жоғары дамытатын пән болып табылады.Сол себепті менің пәнім ең еңбек етуді талап ететін,ең жауапты пән болғандықтан әр сабағыма,әр оқушының берген жауабына жіті мән беруге тиіс боламын.Міне осындай қызықшылығымен қиындығы қатар жүретін пән болғандығымен мақтанамын.Ендеше келер ұрпақтың білімді,саналы,ұлы ғалым немесе өнертапқыш тіпті ғарышкер болуына үлкен үлес қосатын бірден бір пән математика екені белгілі.Сондықтан шәкірттерім білім шыңынан көрініп,өмірде өз орнын тауып ұлы тұлға болып жатса, менің арман мақсатымның орындалғаны деп білемін.
Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым – өз ұлтыма рухани діңгегі мықты,әлемдік кеңістікте еркін самғай алатын,білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. Әбу Насыр Әл-Фараби атты әлемнің екінші ұстазы «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» - демекші ең алдымен балаға тәрбие беру керек,тәрбие бере отырып білімді де қоса ұғындыра білу бұл –шеберлік деп түсінемін.
Өмірде екі нәрсе таңдаудан қателеспеу керек болса оның бірі мамандық.Менің таңдауым ұстаздық болды.Ұстаздық – жай ғана мамандық емес.Ол – адам бағдарын жасаушы.Қоғамның басты байлығы – адам. Дені сау, рухы биік, білімді ұрпақ жарқын болашақтың негізін қалаушылар.Жалпы ұстаз болу үшін жоғары педагогикалық оқу орнын үздік бітіру жеткіліксіз.Ұлағатты ұстаз атану үшін – ақылды,әділ ,ойға көсем-сөзге шешен баланың жан қалауын түсінетін керемет психолог болуы шарт деп білемін. Мейірімділік,шыдамдылық,кешірімділік,баламен сырласу,оның мүмкіндіктеріне сену,ойын әрқашан мән беріп тыңдау сияқты қасиеттерімен ғана мұғалім шәкірт алдында өз қадірін,мәртебесін көтере алады.Ұстаздың жаратылыс мақсаты – көріп-білу, білгенін шәкіртіне үйрету. Мен өз мамандығымды,өз пәнімді,барлық шәкірттерімді,мектебімді шексіз сүйемін. Ұстаздық қызметіме деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп,тәуекелмен іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес бірнеше баланың есінде мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін.Әр ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі,мәдениетті сөзі,жинақы іс әрекеті,білімі шәкіртке де ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге бола білуі тиіс деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы алар орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін,жаны да тәні де таза білімді париот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген болатын. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып,тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру,баланы тәрбиелеу – мұғалімдердің міндеті.Шынында да,бала болашағы – менің қолымда.Қызығы да қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем,менің де биік шыңға шыққаным.Қазақтың маңдайына біткен ұлы данасы Абай Құнанбайұлының «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы әрдайым жүрегіме таққан тұмарым.Сәт сайын құбылатын мына ғылым мен білім заманында шәкірттерім ғылыми жобаларда,саяси экономикалық қызметтерде белсенді қатысып жатса менің жетістігім деп білемін.
Болашақтағы ең үлкен арманым «Математика» атты ғылымның шыңына шығып, ұлы ғұламалардың жолын жалғап ертеңгі таңда мені де үлгі тұтар келешек ұрпақтың қалғаны.
Ақыл ойым жігерім, тебіренісім,
Бар білгенім, күн сайын ізденісім.
Бәрі дағы балаға, оқушыма,
Ұстаз тұтып соңымнан ергені үшін ... (А.Саипова)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет