ҚР ҚН 3.01-05-2013
19
басқа, тұрғын үй құрылысын кешенді абаттандыруды нақты талаптарға сай: тарихи
құрылыстың құрамында, құрылыстың жоғарғы мықтылығының аумағында, магистраль
бойында ескеру керек.
7.3.2 Ұжымдық қолданудың тұрғын құрылысының телімінің аумағындағы кешенді
абаттандыру элементтерінің міндетті тізбесіне: жабынның қатты түрлері, негізгі жаяу
жүргінші коммуникациясы, алаңдар (демалыс, балалар ойыны үшін, қоқыс салғышты
орнату)
жә
не олардың құрылғылары, жоғарғы жақ элементтерін тоқайластыру,
көгалдандыру, жарық түсіруші құрылғылар жатады.
7.3.3 Жеке тұрғын үй телімінің аумағындағы кешенді абаттандыру элементтерінің
міндетті тізбесіне: жабынның қатты түрлері, жоғарғы жақ элементтерінің тоқайласуы,
көгалдандыру, жарық түсіруші құрылғылар жатады.
7.3.4 Тұрғын үй телімдерін магистралдық көшенің бойына орналастырған кезде
оларды көше жақтан қоршауға ж
ә
не алаңдар (балалар, спорт, қоқыс жинайтын
қондырғылар) орналастыруға жол берілмейді. УДС
жә
не тұрғын үй құрылысының
сызығының шекарасының арасындағы магистралдық көшелердің бойынша орналасқан
аумақтарды біртұтас қоғамдық кеңістік ретінде жобалау керек.
7.4 Балабақшалар мен мектептердің телімдері
7.4.1 Балабақша мен мектептің аумақтарында: көлік жолын (жолдарды), жаяу
жүргіншілер коммуникациясын (негізгі, қосымша), шығу жолындағы алаңдарды (басты,
шаруашылық), балалар ойнайтын алаңдарды, спортпен айналысатын алаңдарды (мектеп-
спорт орталығы алаңында), көгалдандырылған
жә
не басқа аумақтарды қарастыру керек.
7.4.2 Кварталдың инженерлік коммуникациясын жобалаған кезде оларды бала бақша
жә
не мектеп аумағы арқылы тартуға жол берілмейді, квартал аумағын реконструкциялау
кезінде қолданыстағы желілер қайта салынуы керек. Балабақша мен мектептің өзіндік
инженерлік желілері төселетін инженерлік желілерден ғимаратқа дейінгі қысқа қашықтық
бойынша, ойын
жә
не спорт алаңдарының астынан өтуін болдырмай (шаруашылық аймақ
жағынан төсеуге кеңес беріледі) жобалануы керек. Алаң, өтетін жол, өтпе жолдардың
аумағында қарау құдықтарын орнатуға жол берілмейді. Оларды басқа
аумақтардаорналастыру орындары қоршалған немесе қауіп туралы ескертетін белгілермен
бөлектенуі керек.
7.4.3 Балабақша мен мектеп аумақтарындағы кешенді абаттандыру элементтерінің
міндетті тізбесіне: жабынның қатты түрлері, негізгі жаяу жүргінші коммуникациясы,
алаңдар (балалар ойын алаңынан басқа), жоғарғы жақтарды тоқайластыру элементтері,
көгалдандыру, қоршаулар, алаңдардың құрылғылары, орындықтар, сауыттар, жарық
түсіруші құрылғылар, ақпараттық безендендірулерді ілгіштер жатады.
7.4.4 Балабақша мен мектептерді көгалдандыру кезінде улы жемістері бар
өсімдіктерді қолдануға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |