39. Климаттық аймақтарды тізімдеңіз. Фармацевтикалық өндірістегі тазалық сыныптарын сипаттаңыз. Таза бөлмелердің параметрлерін бақылауды тізімдеңіз.
Климаттық зона- белгілі бір климаттық көрсеткіштер мен радиациялық баланстың, орташа және шеткі температураның, атмосфералық жауын-шашынның жылдық жинағы мен жауу режімінің мәндері бойынша ерекшеленетін Жер шарының кеңбайтақ аумағы. Климаттық зона, әдетте, ендік немесе субендік бағытта созылып жатады, тұтасымен немесе үзік-үзік болып тарайды
42. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұмысын сипаттаңыз.
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды (бұдан әрі – реттелетін сала) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар
Комитеттің мiндеттерi, құқықтары мен мiндеттемелерi
13. Міндеттері:
1) реттелетін салада іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
2) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;
2) жеке және заңды тұлғалар Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сотқа жүгіну;
3) аумақтық бөлімшелерге және ведомстволық бағынысты ұйымдарға реттелетін саладағы мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: |