БӘРІМІЗ ДЕ САУДАГЕРМІЗ
САУДА ДЕГЕНІМ ІЗ - БІРЕУДІҢ ҚАЖ ЕТТІЛІГІН ШЕШУ.
Өмірде де біз барлығымыз саудагерміз, себебі өзімізді са-
тамыз: ақшаға, жақсы көңіл күйге, қарым-қатынасқа. Әр-
біріміз біреудің қажеттілігін өтеумен айналысамыз. Бұл де-
генім, бір компанияға заңгер керек болды делік, сен өзіңнің
қызметіңді ұсындың. Заңгер болып жұмысқа орналасып,
сен олардың қажеттіліктерін өтеудесің, туындаған мәселе-
лерін шешіп бердің.
Маған «Сіздің компанияда жұмыс істегім келеді. Тегін
жұмыс жасауға да дайынмын» деп жазатын студенттер
өте көп. Мен олардан «Сіз менің компаниямның қандай
қажеттілігін өтеп бере аласыз?» деп сұраймын. Көбісі бұл
сұраққа жауап бере алмай қалады.
Біреудің проблемасын шешіп беретін жағдайда ғана, сен
құнды боласың. Адамдар бір-бірін біреуіне екіншісінен
бірдеңе керек болған кезде ғана іздей бастайды ғой. До-
сыңа оны түсінетін адам керек болған соң сені іздейді, ол
да сауда. Қыздар жақсы визажист маманды іздейді, ал ол
мамандардың қазір түр-түрі бар, олар өздерін әлеуметтік
желіде жарнамалап жарысады, ол да сауда.
Біз барлығымыз саудагерміз, сондықтан да өзімізді сата
білуіміз керек. Жақсы жар, нағыз маман, адал дос ретінде...
166
|