ЕКІНШІ БОЛМА
ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҚЫМБАТҚА
САТАМЫЗ?
АДАМДАРДЫҢ КӨБІСІ ӨЗ ҚАБІЛЕТТЕРІН ӨЗДЕРІ БАҒА-
ЛАМАЙДЫ.
Көп қаражатқа қол жеткізгісі келсе, бизнес ашу
керек дейді, бизнес ашса, идеяны басқалардан іздейді. Біз
барлығын да сырттан іздейміз. Ал өзіміздің қабілетімізді
дамытып, қолымыздан келетін нәрсені жасамаймыз.
Мен қазақ жастарымен көп жұмыс жасаймын, өте да-
рынды балалар бар: бірінің ойлау қабілеті керемет, екін-
шісі қолөнерге бейім, үшіншісі сөзге шешен, бірақ өздерін
сата алмайды.
«Қабілетті анықтау:
жоқты қуаламай, барды дамыту»
бөлімінде айтқанымдай, эр адам өзінің ерекшелігін, өзінің
мықты жағын анықтап алу керек. Осының арқасында біз
өзімізді жақсы кэсіпкер немесе маман ретінде нарыққа
ұсына аламыз.
Жеңіс жолы
Кәсіпкер
Мастер
(Бизнес Модель)
(¥ста)
167
|