ЕКІНШІ БОЛМА
өмір бойы шағымын тыңдауға уэде берген жоқсың. Сенің
өмірің тым бағалы.
Коммуникациялық қабілет адамның қызметінің сапасы-
на эсер етеді. Қай салада болсын. Мысалы, “Румиде” авто
матизация менеджері бар. Ол осы қызметтегі бесінші адам.
Бірақ ол өзіне дейінгі төрт адамды қосқандағыдан үш есе
көп жобаны іске асырды. Мәселе мынада, бұл менеджердің
коммуникациялық мүмкіндіктері өте жоғары. Соның арқа-
сында ол жобаларына ақша бөлдіре алады. Басшылықты
қайсыбір өзгерістердің қажеттігіне сендіре алады. Мұның
бэрі өзінің ойын жеткізе алатындығынан. Адам табиға-
тынан коммуникативті жаратылыс. Біз үшін бұл сонша-
лықты қиын дүние емес. Қиынырағы, қарапайым адами
қатынастардан жүмыс орнындағы ара-қатынастарға дейін,
дұрыс коммуникацияның шегін білу. Әсіресе біздің мента-
литетімізбен.
Коммуникацияны екі
категорияға бөлуге болады.
Бірі, жалпы мінездің ашықтығына келеді. Өміріңе жаңа
адамдарды қосуға дайын болу. Мүның мэні, “әлсіз байла-
ныстар” деп аталатын таныстар нетворкингі адамның өсуі-
не көбірек ықпал ететіндігі. Екіншісі, өз қызмет салаңдағы,
біліміңді, мүмкіндіктеріңді өсіретін “керек” байланыстар-
ды қалыптастыру. Сондай-ақ интернет желісі осы екеуінде
де кұрал ретінде пайдаланылады.
Егер адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға кез-
десер болсаң, коммуникациялық қабілетті арттыратын лай-
фхактар ұсынғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: