ЕКІНШІ БОЛМА
КЕЛІССӨЗДЕР - НЕТВОРКИНГТІҢ
ҚАЗАҚИ Н¥СҚАСЫ
Б із д ің кездейсоқ таныстарымыз эртүрлі, олар бір-бірі-
не ұқсамайды, социуамда біздікінен бөлек орын алады. Де-
мек, олар бізге қоғамдық күш береді. Жэне таныстарыңыз
қаншалықты көп болса, сіз соншалықты күштісіз. “Әле-
уметтік капитал” деген үғым бар. Адамның байлығы тек
банктегі есепшоты емес, қандай және қанша адамды тани-
тынымен өлшенеді.
Мәселе мынада:
неғұрлым көп адамды білген сайын,
жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер көбірек болатыны анық:
демек сен жетістікке жақындай түсесің. Кейт Феррацци
“Никогда не ешьте в одиночку и другие правила нетвор-
кинга” деген бестселлерінде мынаны айтады. “Қарапайым
отбасынан шыгып, бала кезінде гольф алаңында доп тасып
жүргенде түсінгенім, кедейлік деген ақшаның жоқтығы
емес, кедейлік деген белгілі бір топтардан, сіздің потенциа-
лыңызды іске асыруға көмектесетін адамдардан шеттетіліп
қалу” дейді. Ол ақыл, талант деген үгымдардың ешқайсы-
сы жақсы коммуникациялық кабілеттерсіз адам жетістігіне
септесе алмайды дегенді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |