ЕКІНШІ БОЛМА «СЕНІ БІРЕУ ¥РСА, ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕСІҢ?» немесе ПРОАКТИВТІК ТУРАЛЫ МОНОЛОГ Б і з өмірде эсер ете алмайтын нәрселер бар: ауа райы,
адамның өлімі, ақша курсының өзгеруі. Біз қаласақ та,
қаламасақ та бұларды өзгерте алмаймыз. Бірақ, біз эсер
ететін нэрселер бар: біліміміз, іс-әрекетіміз, табысмыз. Біз
өзімізді дамыту арқылы басқа нәрселерге эсер ете аламыз.
Проактивтік дегеніміз, өрт лаулаган сәтте әрекет ету емес, өртті болырмау үшін, алдын ала әрекет ету. Сені біреу үрган кезде, жауап ңайтару емес, сені біреу үр- мас үшін не істеу керектігін ойлау. Мысалы, студент болып жүрген кезде, жоғары оқу ор-
нын бітірген кезде жұмыс істеу емес, сен оқу орнын тә-
мамдағанда, саған жұмыс берушілер кезекке тұру үшін
әрекет жасау. Отбасыңның қашан ыдырап кететінін күтіп
отырмау, оны болдырмау үшін жарыңды сыйлау, оған гүл
әкелу, бүл -
проактивтілік. Егер біз болтан жағдайға реактивті емес, ал проактивті
көзқараспен қарасақ, біздің өміріміздегі көптеген кері эсер
тигізетін жағдайлардың орын алмауына эсер ете аламыз.
251
Осы қағиданы дұрыс ұстансақ, біз көптеген жетістіктерге
жете аламыз.