Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақ халқының қалыптасу үрдістерінің арасындағы байланысты ашыңыз. Қазақтардың ата-бабалары туған жері Қазақстан аумағында болған тайпалар екендігін дәлелдеңіз



бет29/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

24. Қазақ халқының қалыптасу үрдістерінің арасындағы байланысты ашыңыз. Қазақтардың ата-бабалары туған жері Қазақстан аумағында болған тайпалар екендігін дәлелдеңіз.

25. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелерді көтерудің тарихи маңызы

26. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ хандығының құрылуы туралы мәселені көтерудің тарихи маңызы

2015 жыл -  еліміздегі елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерекше жыл болады. Осы орайда, Қазақ Хандығының құрылуына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылып отыр. Атап айтқанда,  2015 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қаралды. Бұл мерейтой ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын дәлелдейтін тарихи еңбектердің бар. Сол тарихи еңбектердің ішінен қазақстандық тарихшы ғалымдардың Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы басшылыққа алынды.  

Қазақ Хандығының 1465 жылы құрылғандығын Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбектері дәлелдеп отыр. Оның сөзін парсы тарихшылары жазып қалдырған еңбектер де дәлелдей түседі, және М.Х.Дулати өз зерттеулерінде қазақ хандығының мемлекеттік басқару құрылымдары өте жақсы дамығанын айтты. Ғалымның түсіндіруінше, Қазақ Хандығында мемлекетті басқарудың тиімді жүйесі болған.

Қазақ Хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақ Хандығы атана бастады.

Хандықтың байланыс жасаған елдері: Моғолстан, Өзбек хандығы, Сібір хандығы, Орыс мемлекеті.

Қатынас жасау түрлері: Бейбіт, дипломатиялық

Соғыс жағдайы: шапқыншылық

Елбасы өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді.

Қазақстандық тарих ғылымында Қазақ Хандығының құрылуы терең зерттелген дүние. Десе де, қазіргі күні зерттеушілер арасында  қазақ хандығының қашан құрылғандығы жөнінде  қарама-қайшылықты пікірлер қалыптасып отырғанын айтумыз керек. Тарих беттерін парақтасақ, бұл мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеген тарихшыларымыздың бірі қазақ хандығының құрылуы 1428 жылдан бастау алады деп әріге жіберсе, енді бірі 1445, 1456, 1465 жылдарына қатысты сан түрлі дәйектерін ұсынған.

Қазақ Хандығының құрылуына байланысты Мұхаммед Хайдар Дулати көрсеткен 1465-1466 жылдарды толық мақұлдайды. Қазірде бүкіл әлем мойындап, алдағы дамуын қуатты 30 іргелі елдің қатарында болжап отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы мен алғашқы хандарымыз туралы тарихи мерекені атап өту туралы шешімі өте маңызды.

Биыл елімізде мемлекет деңгейінде өткізілу жоспарында тұрған төрт атаулы мерекенің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Байқасаңыз, дүниежүзіндегі барлық елдер өз мемлекеттілігінің тарихын анықтап алған. Мәселен, Қытай 5000 жылдығын, Иран 4000 жылдығын, көрші Қырғыз халқы да 2000 жылдығын әлдеқашан тойлаған.

Қазақ Хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі. Біздің бұған дейінгі түркі әлемі, тіпті, сонау сақтардан бастау алған тарихымыз бар. Алайда, Қазақ Хандығының ерекшелігі ол біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетіміз.

Қазақ Хандығы құрылғаннан бастап «қазақ» сөзі саяси термин ретінде тарихқа алтын әріптермен енді. Бұл көне тарихымыздағы мемлекетілігіміздің Республика көлемінде тұңғыш тойлауымыз. Сондықтан «Қазақ Хандығының 550 жылдығының» тарихи, рухани маңызы орасан. Неге 1465 деген датаға тоқталды. Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» деген кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты ретінде Хижра жыл санауымен дәл осы жыл көрсетілген.

Тойнбидің керемет сөзі бар. Ол «Ақсақ Темір ұлы қолбасшы, мемлекет құрушы, бірақ ол жүйе құра алмады. Өзі өлгеннен кейін құрған мемлекеті қирады» дейді.  Ал Керей мен Жәнібек құрған хандық 1864 жылдан  1847 жылы ең соңғы легитимді қазақ ханы Кенесары хан өлгенге дейін 4 ғасыр бойы өмір сүрді. Кеңес үкіметінің өзі 70-ақ жыл тұрды. Яғни, алғашқы қазақ хандары қүрған мемлекеттің басқару жүйесі сол заманға сай болды, соның арқасында соншама үлкен территорияны биледі.  «Қазақ Хандығы белгілі бір жүйесі бар орнықты мемлекет болды. Жәнібек пен Керейдің құрған мемлекетінің Ақсақ Темір құрған мемлекеттен айырмашылығы осы да еді. Ақсақ Темір құрған мемлекет өзі дүниеден өткен соң ыдырап кетті. Ал, Жәнібек пен Керей құрған мемлекет жүйелі түрде атадан балаға мирас болып келді.

Қазақ Хандығының мемлекеттік құрылымы жағынан айырмашылығы – орталықтандырылған мемлекет болды. Айталық, Орта Азиядағы өзбектердің мемлекеттік жүйесімен салыстырсаңыз, олар бірнеше хандықтарға бөлінеді. Біздің Қазақ Хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның бақылаушысы билер мен батырлар болды. Ал, таптық тұрғысынан Қазақ Хандығында басыбайлылық деген болған жоқ. Дәл осы уақытта басыбайлылық Ресейде белең алып тұрғанын тарих өзі көрсетіп берді.    

Құқықтық жүйесінде жазалаудың түрлері бола тұра түрме салынбады. Оның орнына «құн салығы» айып ретінде қарастырылды. Заманына сәйкес экономикалық жүйесі де болды. Осы жүйемен салық ісі де реттеліп отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет