Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ұлы Жібек жолы өмір сүрген мерзімде Қазақстан аумағында пайда болған қалалардың қазіргі мәдениетпен ықпалдасуы



бет9/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

9. Ұлы Жібек жолы өмір сүрген мерзімде Қазақстан аумағында пайда болған қалалардың қазіргі мәдениетпен ықпалдасуы VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған. Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған. Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар) Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған. Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар заманында ерекше гүлденді. Бұл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған. Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі беделі өсе берді. Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды. Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Баласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжыға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шауғар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

Орхон ескерткіштері

Орхон ескерткіштері - бұл түрік қағанатының Орхон, Селенга, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүниетанымының алтын бағанасы - Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр (үкімет) орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы - байырғы түрік әліпбиін (БТА) жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына мол тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген. Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихымыздың мұраларының тереңде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері, моңғол елінің аймағында табылған. Орталық Азия аймағында орналасқан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары ежелгі дәуірден түрік тектес тайпалар мен әр замандағы түрік қағанаттарының автохтонды (тұрғылықты) мекені болған Қазақстан, Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қытай, Сібір (Алтай, Хакас, Тува), Қырғыз жерінде мол сақталған. Оларды зерттеу XVII ғасырдың 20 жылдарынан басталды. Біздің өткен тарихымызға, Орхон ескерткіштеріне ұшан-теңіз еңбек сіңірген ғалымдар Н. М. ЯдринцевВ. В. Радлов, A. О. Гейкель және т.б.

Қорқыт ата ескерткіші



Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген) - ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында (Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа) уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт әлеуметтік заң негізін жасап, ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер- суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б. салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіңдерді әділ шешіп отырған. Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған. Қорқыт мазарын 19 ғасырда Ә. А. Диваев пен И. А. Кастенье зерттеді. 19 ғасырдың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті. 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші қайта тұрғызылды.

Алаша хан күмбезі

Алаша хан күмбезі - Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Кірпіштер қолдан тоқылған кілем (алаша) өрнегімен қаланған. Алаша хан ел аузындағы аңыз бойынша қазақтардың басшысы, ақылды, батыр, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған хан болған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қара хан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.

Сарайшық


Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

Тараз


Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Тараз қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В. В. Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қорытынды жасалды.

Отырар


Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған.

Құлан


Орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам жолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (ҰҒА) археологиялық экспедициясы (Қ. А. Ақышев) зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.

Саудакент

Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. Қаз.КСР Ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.

Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.

VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.

Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясат тәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды.

Қалалардың қирауына ішкі, отырықшы иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. Іле даласында қала мәдениеті XIII ғасырда, Шу аңғарында — XIV ғасырда, Талас өңірінде XV ғасырда құлдырап, тоқырай бастады. Жетісуда кала мәдениетінің мүлде кұруы Ақсақ Темірдің Моғолстанмен соғыстарының салдарынан болды.

Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдары, эпиграфикасы келді. Мұсылмандық түркі қоғамының интеллектуалдық өміріне біршама өзгеріс әкелді. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобы қалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б. Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Олар: хатибтар, мутаввалдар, молдалар, имамдар, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет