6. Ұлы ғалым Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегінің түркі тілдес халықтар тарихындағы маңызын ашыңыз.
Махмуд Қашқари алғашқы қауым адамдарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері орта ғасырдағы дидактикалық сарында жазылған жазба әдебиет үлгілерін біз ұлы ғалымның осы кітабынан табамыз. Махмуд Қашқари ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі - түркі тектес түрлі ру-тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы т.б. болды. Осындай ғылыми мақсатпен ол бір жағы Жетісу, екінші жағы Римге дейін ұлан ғайыр жерді мекен еткен көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиетінің тілі бойынша мол материал жинайды. Махмуд Қашқаридің ғылыми еңбегі "Түркі сөздерінің жинағы" 1074 жылы жазылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" -қазіргі түркі халықтардың асыл мұрасы болып табылады. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа еңген сөздер, мақалдар, өлен жолдары т.б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру, сөйлем кұру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарының өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді. "Түркі тілдерінің сөздігі" - тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек, сондықтан бұл сөздік шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне тағы басқа қатысты дерегі бар аса бағалы еңбек. М.Қашқари еңбегінің зор ерекшелігі энциклопедиялық мән-мағынасыда және белгілі тілші ғалым А.Н. Кононовтың зергер сөзімен түйіндесек: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары туралы, тұрмыс жағдайлары туралы... этнонимдері мен тононимдері, ру-тайпалары туралы, туыстық және жекжаттық принциптері. түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам, сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлары және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географаялық және терминология мен номенклатура, калалар туралы, аурулар мен дәрілердің аттары, анатомиялық терминология туралы, металдар және минералдар, әскери және әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандарының есімдері туралы, діни терминология, балалардың ойындары және тағы басқалары туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады» -дейді. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" шығармасы лингивистика ғылымына қосылған асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық, тұрғыдан бай мұра болып табылады. Махмуд Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты белгілі бір дәрежеде «Көне түркі тілінің сөздігі» деуге болады. Себебі еңбекте сан ғасырлар бұрын өмірге келген халықтық мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т.б. ғажайып үлгілері бар. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігінде" лингивистика саласына қатысты қанатты сөздер, көркем тенеулер, сөз тіркестері енгізілген. Бұл жөнінде Махмуд Қашқари: "Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты ғибрат сөздер деп аталатын әдеби үзінділермен көркемдедім" деп жазады. Әдеби шығармалардан алынған үзінділердің тілі мен жазу стиліне қарап қай дәуірдің әдеби туындылары екенін шамалап айтуға болады. Жинақтағы бірқатар өлендер автор өмір сүрген орта ғасырда туындаған қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері екенін дәлелдей түседі. Бұл қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері оқырманын сөз сырының терең мән-мағынасын түсінуге үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: |