Байланысты: Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
Тұжырымдық ережелері: - оқыту - оқушының компьютермен жұмыс істеуі;
- бейімделу ұстанымы, яғни компьютерді баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау;
- оқытудың диалогтық сипаты;
- басқару: кез келген уақытта мұғалімнің түзетуі болуы мүмкін;
- баланың компьютермен өзара қатынасы «объект» бойынша;
- жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестірілуі;
- оқушының компьютермен жұмыс кезінде психологиялық қолайлы жағдай туғызу.
Компьютер оқытудың барлық: жалпы тақырыпты түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру кезеңдерінде қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге ол бала үшін әртүрлі: мұғалім, жұмыс істейтін құрал, қол боста ермек ететін ойын сияқты қызмет атқарады.
Компьютердің мұғалім ретінде атқаратын қызметі: мұғалім мен оқулықты толықтай ішінара алмастыратындай білімдік ақпарат көзі; мултимедиа және телекоммуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі көрнекті құрал; жеке ақпараттық кеңістік; тренажер; талдау және тексеру құралы.
Ал, жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы, графиктік редактор; есептегіш машина; нобайлау құралы.
Компьютердің оқыту объектісі ретінде атқаратын қызметі: берілген тапсырмаға сәйкес бағдарлама түзу; бағдарламалар жинағын жасау.
Компьютерлік оқыту бағдарламасының (КОБ) басымдылығы төмендегідей:
- жан-жақты ақпараттық мәлімет;
- әрбір оқушының жеке өзіндік жұмысының интенсификациясы;
- оқушыға маңызы зор коммуникативтік жағдай туғызу;
- оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру және оқуға деген ынтасын арттыру;
- әртүрлі есептерді шығару барысында диалогтық режим қалыптастыру;
- оқушының танымдық ерекшеліктері, белсенділіктері, ынтасын, қбілеттерін толық ескеретін жеке оңтайландырылған бағдарламамен оқыту;
- оқушының теориялық және практикалық дайындықтарының арақатынасын оңтайландыру;
- оқушының физикалық және физиологиялық жүктемесін азайту және т.б.
Компьютерлік оқыту бағдарламасын (КОБ) жасау технологиясы «Курс», «Тренинг», «Тест» сияқты 3 режимді базалық тренингке сүйенеді.
Компьютерлік оқыту бағдарламасы төмендегілерді қамтуы тиіс:
1) Лекция курсын;
2) Өзіндік жұмыстардың тапсырмасын және оны орындауға қатысты әдістемелік нұсқау;
3) Білімді тексерудің автоматтандырылған жүйесі.
«Курс» пакеті төмендегілерді қамтиды:
1) Лекциялардың толық мәтіні;
2) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;
3) Курстың бағдарламасы.
Сондай-ақ, «Курс» пакеті пәннің негізгі мақсатын қамтиды, онда оқылатын курстың тараулары, бөлімдері, тақырыптары көрсетіледі, компьютерде жұмыс істеудің әдістемесі беріледі.
«Тренинг» пакетінде мұғалім-оқушы, оқушы-компьютер қарым-қатынасын дамытатын оқыту әдістері беріледі.
Тренинг негізін жеке өзіндік жұмыстардың тапсырмалары құрайды.
Тапсырмалар оқушылардың шығармашылық белсенділік деңгейлеріне (бастапқы-базалық, төмен, орта, жоғары) сәйкес алынады.
«Тест» пакеті оқушылардың білім деңгейлерін анықтауға арналады.
Оқушылардың білім деңгейлері арнайы құрылған тестпен тексеріледі.
Компьютермен оқыту бағдарламасы (КОБ) негізінде пәнді оқыту курсын толығымен компьютерге ауыстыруға арналады. Ал бұл:
- курсын мазмұнын жетілдіруге;
- пәннің оқыту әдістемесін жаңартуға;
- оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерінің артуына көмектеседі.
Компьютермен жұмыс істеуде оқушы іс-әрекетінің 3 компонентін ажыратуға болады:
- оқу үдерісінің мазмұны;
- оқу материалын қабылдау (оқу іс-әрекетінің мазмұны) және бір қабылдау деңгейінен екіншісіне көшу үдерісі;
- мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен өзара іс-әрекеттілік жүйесі (ынтымақтастық).
Компьютермен жұмыс жасауды оқушылардың шығармашылық үдерісі төмендегідей кезеңдерден тұрады (50-сурет).
Мұндағы КДМ - коррекциялық дидактикалық материал, оны мұғалім дайындайды, КДМ оқушының материалды дұрыс әрі тез қабылдауына көмектеседі.