Сурет 3. Сиқырлы сандар
Сиқырлы сандар не дер екен?
1830
1961
1832
Ақмола
Целиноград
Астана
1958
1929
1956
1939
1954
Психологиялық бөлімінде білгірлердің бастапқы психологиялық көңіл күйі анықталады. Мониторда 5 геометриялық фигура шығады: үшбұрыш, дөңгелек, ирек, шаршы, тік төртбұрыш. Әр фигура өзіне тән ерекшеліктерді білдіреді.
Сурет - 3. Психологиялық диагностика
Егер де білімгер дөңгелек таңдаса, онда ол бес тұлғаның ішіндегі ең қайырымдысы, басқаның қайғысын бөлісіп бірге қайғыра біледі, басқаның қуанышын да, қайғысын да дәл өзікіндей сезінеді. Ол тек адамдар бір-бірімен тіл табысқанда ғана, өзін бақытты сезінеді. Сондықтан да дөп-дөңгелек біреумен түсініспей қалса, бірінші болып өзі ара түседі. Қарама-қайшы пікірлердің өзінде де екі жаққа ортақ болатын нүктені табуға тырысады.
Ал тік төртбұрыш - өмірдің нақты кезеңінде ғана байқалатын, адамның уақытша белгісі. Бұлар өздерінің қазіргі көңіл күйімен қанағаттанбай, жақсырақ жағдай іздеп жүрген жандар. Сондықтан негізгі ерекшеліктері әуесқойлық, құмарлық, маңайдағы барлық өзгешіліктерге шынайы қызығушылықпен және батылдықпен қарайды. Олар идеяларға, бағалыққа өмірдің тәсілдеріне қанық. Барлық жаңалықтарды тезірек білсек деп ынталанады.
Келесі фигура үшбұрыш - бұл алдыңғы қатарда болудың белгісі. Үшбұрыштың негізгі ерекшелігі басты бағытқа бағыттала білу. Күш қуаты мол, құлшынып тұрған күшті адамдар. Олар ашық мақсат қойып, көбінесе соған жетеді, олар намысқой. Жоғары басшыларға өз жұмысы мен айналасындағы жұмыстарының маңызды екенін жеткізе біледі. Оңшыл болуға, істің жағдайын басқаруға басқалармен қарсыласып бәсекелесте болуға жетектейді(53-сурет).
Ирек сызықтар - шығармашылықты көрсететін фигура. Әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын идеяларды кіріктіру және оның негізінде жаңа нәрсені жасау, өз идеяларын шаршамай насихаттайды және өзінің артынан көпті ерте білетін қабілет бар.
Шаршы: еңбекқорлық, ынтымақтастық, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, жұмысты аяқтауға мүмкіндіік беретін табандылық. Шыдамдылық, төзімділік және жүйелілік. Оларды өз салалары бойынша кәсіби мамандар етеді.
«Қасиетті қазақ жері - ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер» деп Ел Приезиденті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Қазақстанның кешкен қиындығы, арқалаған ауыртпалығы мен шеккен шырғалаңында қисап жоқ, осы қазақ елінің басынан кешкендерін мұғалім тақта арқылы оқушыларға көрсетті. Интерактивті тақтаның көмегімен түрлі суреттер еліміздің астанасы туралы бейнероликтерді қолданды.
Қорытындылай келе, елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақытқа төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасады. Мемлекеттік нышандар - Ту, Елтаңба, Әнұран бір күнде қалыптасқан жоқ, сан ғасырларды артқа тастап орнықты. Міне, сондай баға жетпес байлығымызды қастерлеуіміз керек дей келе, осындай интерактивті тақтаны оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың шығармашылығын ашып, өзінің жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |