Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Оқытудың мультимедиялық технологиясы



бет115/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

4.11 Оқытудың мультимедиялық технологиясы

ХХІ ғасыр - жаһандану жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өиткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындап, халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады.


Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі кезеңі адамзаттың іс-әрекетінің барлық саласына түгелдей дерлік ақпараттық технологияларды ендірумен сипатталады.
ХХІ ғасыр толастамаған ақпараттық медиа –коммуникациялық және ақпараттық байланыс құралдарын пайдалану ғасыры. Адамзат өміріне медиа, ХХІ ғасырдың екінші жартысынан бастап кеңінен ене бастады. Бүгінде медина - ғаламшардағы барлық адамзат қауымы үшін негізгі әрі басты байланыс құралы.
«Медина» термині латынның «media» құрал даген сөзінен шыққан, қазіргі кезде күнделікті өмірде ақпараттық және коммуникациялық бұқаралық құрал (баспасөз, киноматография, фотография, теледидар, аудио, видео, мультимедиялық, компьютерлік жүйе, интернет) ретінде қолданылады.
Медиа терминіне әр елде әртүрлі анықтамалар берілгенімен мағынасы бірдей. Мысалы, ЮНЕСКО–ның құжаттарында медиабілім (media education) төмендегідей ұғынады: «педагогикалық теория мен практикалық бұқаралық коммуникацияның қазіргі кезеңдегі құралдарын меңгерудің теориясы мен практикасын оқытатын арнайы бөлім».
Медиабілім беру бағытын қолдаушы ресейлік ғалым Ю.Н.Усов «медиабілім- жеке тұлғаны құралдар арқылы және бұқаралық коммуникациялық құралдар негізінде дамыту» деген анықтама береді.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдардан бастап әлемнің озық мектептерінде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Франция және т.б.) медиябілім негізгі міндетті пән ретінде оқытылады.
Қазіргі психологиялық – педагогикалық сөздікте «Медиабілім (ағылшын тіліндегі medya education және латын тіліндегі media)- барлық коммуникациялардың заңдылықтарын оқушыларға үйрететін педагогикадағы негізгі бағыт. Медиабілім берудің негізгі мақсаты- жас ұрпақты қазіргі кездегі ақпараттық жағдайда өмірге дайындау, оларды әр түрлі ақпаратты қабылдауға және ұғынуға үйрету, оның адам санасына қалай әсер етуін білу, қазіргі ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың көмегімен коммуникация- ның вербальды емес формалары негізінде қарым – қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеру» деген анықтама беріледі.
ЮНЕСКО- ның құжаттарын басшылыққа ала отырып Еуропа Кеңесі 1989 жылы «Жаңа технологиялар мен медия білім туралы» резолюция қабылданды. Онда «Медиабілім адамдарды демократиялық азаматтық қоғамда өмірге дайындауы үшін қажет. Адамдарға медианың құрылысы, құрылымы және мазмұны бойынша жеке пайымдаулар жасай алатын қабілеттерін дамытудың маңызы зор.
Медианың телевизиялық, радио, кинематографиялық және т.б. мәдени бағыттарын басшылыққа ала отырып, медиабілім беру мүмкіндігінше ерте жаста басталып, мектептің барлық жылдарында және міндетті пән ретінде оқытылуы қажет» деп атап көрсетіледі.
Медиабілім беру мәселесін шет елдік ғалымдар К.Тайнер, М.М.Бахтин, В.С.Виблер, А.А.Новикова, А.В.Шариков, О.Ф.Нечай, С.Н.Пензи., Ю.Н.Усов, А.В.Федров, И.С.Левшин, О.В.Баранов, И.В.Вайсфельд, Г.А.Поличко және т.б. айналысуда.
Ал Қазақстанда мадиабілім беру жаңадан қолға алынуда. Ал ғалым А.В.Шариков медабілім беруді «аса маңызды феноменнің құпиясы мен заңдылықтарын ұғынуға көмектесетін бұқаралық коммуникациялық білім» деп қарастырады.
Ғалым А.А.Новикова АҚШ медиябілімінің шығу және даму тарихына зерттеу жасап, қазіргі кездегі медиабілімнің пайдалану жолдарын атап көрсетті.
Медиабілім бойынша алғашқы оқу бағдарламасын 1959 жылы канадалық ғалым Маршал Маклюзи Горонта қаласы мектептерінің 11 сыныптарына арнап жасалды. Бұл уақытқа дейін медиабілім беру бойынша бірыңғай тұтас жүйе мен тұжырымдамалар болған емес, метабализм тек қана киноөнер, баспасөз, теледидер, радио және т.б. автономды бағыттарда дамиды.
АҚШ -тағы медабілімнің негізін қалаушы К.Тайнер сыныпта аудиовизуалды медианы пайдаланудың төмендегідей жолдарын көрсетеді.

  • ақпаратқа қол жеткізу және оны талдау (критикалық ойлауды дамыту). Медиамәтінді талдау интерактивті бағытта жүреді;

  • оқу медиаөнімін (бейнетүсірілім) қарастыруға қатысу болашақ мәдениетінің тақырыбын, мазмұны, тұжырымдамасын таңдауға және жобаны жүзеге асыруға көмегін тигізеді. Бұл жерде «сарапшылар» мен «оқушылар» рөлдерін оқушылар да, мұғалімдер де атқара алады;

  • бағалау: мұғалім мен оқушылар бірлесе бағалау критерилерін жасайды. Бұл жерде оқушының жеке жұмысымен қатар, оқушының басқа оқушылармен бірлескен топтағы жұмысы да бағаланады;

  • еркін құрылымдық: сабақтың еркін блогтары, жеке және топтық оқудағы еркін жоспарлар.

ХІХ ғ 80 –ші жылдарында медиабілімнің базалық нобайлары қалыптасты. Медиабілім мектептерде міндетті пән болмаса да көптеген мектептерде факультативтік курстар ретінде ендіріле бастады. Көптеген педагогтар медиабілімді гуманитарлық пәндер мен технологиялық бағдарламаларды интегрциялау арқылы енгізіледі.
ХХІ ғасырда әлемнің барлық елдері ден қоя бастаған медиабілімнің негізгі принциптері төмендегідей:
- медиабілім – бұл азаматтың бүкіл өмірін жалғастырушы құрал;
- медиабілім беру-демократиялық қоғамның әлеуметтік құрылымымен тікелей байланысты негізгі бөлім.
- медиабілімнің орта тұжырымдамасы: медиа ақиқатты бейнелей алмайды, оны белгілер мен таңбалар жиынтығы арқылы көрсете алады.
- медиабілім – көкейкесті және уақыт талабы, ол кеңінен алғанда идеялогиялық және тарихи контекстерінде «осы» және «қазіргі» ұғымдармен шектеседі;
- медиабілімнің тиімділігі екі сипаттамамен бағаланады: жаңа жағдаятта оқушының өзінің сыни ойлауын қолдана алуы және медиаға қатысты ынтасы мен міндеттерінің сандық көрсеткіштерін байқауында;
- оқушы мен медиабілімнің бағасы - бұл оқушының өзін-өзі бағалауы;
- медиабілім мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертуге бағытталады, оларға өзара көбірек сұхбаттасуға, ойлануға мұмкіндік береді;
- медиабілім- бұл пікірталасқа қарағанда сұхбаттасу;
- медиабілім бірлескен, көбіне топтық, ұжымдық оқытуға бағытталған;
- медиабілім «практикалық саннан» және «сын практикадан» тұрады.
- медиабілім ата-аналар, педагог, оқушылар және медиа саласындағы мамандардың өзара ізгілікті қарым-қатынасына құрылады;
- медиабілім ұдайы болатын өзгерістер қағидасымен байланысты болады;
- медиабілім- ерекше білім; білім тек қана мұғалімдер арқылы ғана берілмейді, оны оқушылар өзі меңгереді, жаңалықты өздері «ашады» Жаңа білім мұғалім мен оқушылардың белсенді қатысуымен меңгерілетін сыни зерттеу мен сұхбаттасу өзегі болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген медиабілімнің принциптерін зерделей келе, медиабілімнің негізгі ерекшеліктеріне тоқталуға болады: оқытудың дәстүрлі әдістерінен гөрі дәстүрлі емес әдістері көбірек пайдаланылады, проблемалық жағдаяттар туғызу, сюжетті талдау, кейіпкерге сипаттама, мінездеме беру, медиамәтінге авторлық көзқарас, сюжетті, театрланған қойылымдар, болжамды тексеру, нобайлау, медиялық жобалар жасау, оны қорғау және т.б.
Медиабілімді жақтаушы ғалымдардың пікірінше медиабілім оқушының бүгінгі күнде өмірдегі жеке сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған.
ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Республикамыздың көптеген мектептері мен Жоғарғы оқу орындарына оқушыларға медиабілімді беруді қамтамасыз ету үшін мультимедия-сыныптары ашылып, медиааппаратураларымен жабдықтала бастады.
Медиабілімнің «практикалық» теориясы негізінен оқушылар мен мұғалімдерді медиааппаратураны пайдалануға үйретуге бағытталған: практикалық дағдысын қалыптастыру, өзінің жеке авторлық медиа мәдениетін қалыптастыру, оны қорғау және т.б. Қазақстанда да медиабілім беруді қалыптастыруда АҚШ пен Ресейдің медиабілім беру тәжірибесіне сүйенсек нәтижесі оң болмақшы.
Қазіргі кезеңде ақпарат ағымы толастамаған ХХІ ғасырда жанжақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда медиабілімнің алатын орны ерекше. Сонымен қатар, медиабілім мұғалімдердің жаңа ғасырда өздерінің жұмыстарына жаңаша бағыт, жаңа серпін беретін ерекше құралы болмақшы.
Ал, мультимедияға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді:
Д.Литтле (D.Little) бойынша, мультимедия - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.
Д.Н.Жонассеннің анықтамасы бойынша, мультимедиа – екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.
Ресейлік ғалым И.И.Косенко «Мультимедиа- әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің ақпараттық және бағдарламалық құралдарының кешені» деген анықтама береді.
И.В.Вернердің пікірі бойынша, «»мультимедиа –графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешені».
«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.
Мультимедиа түрліше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Біз қазіргі күнге дейін мультимедианың кейбір түрлерін күнделікті тұрмыста қолданып келдік. Мысалы, теледидер және кино - мультимедианың құрамдас бөлігі.
Мультимедияның дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлік технологиялардың өркендеуі нәтижесі негізінде жүзеге асуда. Мультимедиа статистикалық (мәтіндік, кестелік, графиктік) және динамикалық (анимациялық, бейнелік), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.
Б.А.Досжановтың берген анықтамасы бойынша мультимедиа- компьютерлік графика, сурет, қозғалыстағы бейне ақпарат, анимация, мәтін, жоғары сападағы дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интерактивті жүйе; мультимедиалық технологиялар- әртүрлі типтегі мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асатын технологиялар жиынтығы.
Мультимедия технологиясы- визуалды және аудиоэффектілерден құралған электрондық өнімдерді дайындау әдістері.
Қазіргі таңда электрондық оқытуларды, компютерлік оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейіндік оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиялық технологиялар оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістерді жүзеге асыратын бірден бір жаңа ақпараттық технология болып саналады.
Мультимедиа біріншіден, таным үдерісінің жоғарылауына септігін тигізсе, екіншіден, әртүрлі типті ақпараттарды біріктіре пайдалануға мүмкіндік береді, үшіншіден, білім беру мазмұнын интегративті формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет