Сурет 2. Оқытудың мультимедиалық технологиясын пайдалану
Оқытудың мультимедиялық технологиясы
Оқу құралдары
Оқу-әдістемелік кешен
МҰҒАЛІМ
ОТҚ
(аудио- видео қоры)
компьютер
Виртуалды оқыту ортасы
Электрондық оқулық, Интернет
МАҚСАТ
ОҚУШЫ
Оқу құралдары
Ақпараттық оқу ортасы
Оқыту ортасының бағыттаушысы
Жүйеге ену
теория
мысал
есеп
тапсырма
практика
Оқушының өз білімін өзі тексеру (тест арқылы)
Бақылау нәтижесі
Коррекциялық блок
ЖОҚ ИӘ
Шығармашылық тапсырма
Білімдегі олқылықтар Тақырыпты меңгерген
Электрондық журналдар
нәтижені сақтау
Оқушының нәтижені бағалауы
Жаңа мақсат
- оқушының таңдаған тақырыбының мағынасын толықтай ашуға көмектесетін оқу ақпараттық мәліметтер жиналады ( оқу - ақпараттық банкі құрылады)
Мультимедиялық технологияны пайдаланудың оқыту кезеңінде:
- мұғалім өз материалын экран дисплейіне түсіре алады;
- мұғалім оқушымен кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік алады: әрбір оқушыға білім деңгейіне сәйкес кеңестер беріп, бақылау жасайды;
- сабақта оқушылардың іс-әрекетін түгел бақылауға жол ашылады;
- оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік туады.
Оқу-тәрбие үдерісінде мультимедиалық технологияны пайдаланудың қорытынды кезеңінде:
- оқушының іс-әрекетіндегі олқылық пен кешірімділіктерді дер кезінде анықтауға және тіркеуге мүмкіндік ашылады;
- оқушының іс-әрекетіндегі жіберген кемшіліктерді дер кезінде анықтауға және тіркеуге мүмкіндік ашылады;
- оқушының іс-әрекетіндегі жіберген кемшіліктің себебін ашуға жол ашылады;
- оқу іс-әрекетін тұтастай талдауға болады;
- оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі кемшіліктерді болдырмаудың және алдын алу шараларын қарастыруға толық мүмкіндік жасалынады.
Мультимедиалық технологияны пайдаланудың төмендегідей ерекшеліктерін атап өткен жөн.
Біріншіден, білім сапасы артады:
- оқытуды жекешелендіру есебінен әрбір оқушыға оның қаблеті мен білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар беріледі;
- оқытудың әрбір кезеңінде әрбір оқушының білімі, біліктілігі, дағдысы есепке алынады;
- оқытудың әрбір кезеңінің жетістіктері мен кемшіліктері танылады;
Екіншіден, оқытуға бөлінетін уақыт қысқарды:
- техникалық операцияларға кететін уақыт үнемделеді;
- дұрыс жауаптар лезде есепке алынады.
Қорыта келе айтарымыз, оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың мультимедиалық технологиясын пайдаланудың маңызы зор.
Үшінші мың жылдыққа ақпараттарды сақтаудың жаңа формалары да ене бастады: электрондық құжат, веб-сайт, веб-беттер, компакт-диск, аудио, видеокассеталар және т.б.
Қазіргі кезеңде ақпаратты тікелей алуға негізделген медиатека, мультимедиалық оқу орталықтары, электронды оқу залдары, электронды кітапханалар, интернет сынып, мультимедиалық сыныптар жұмыс жасайды.
Осындай ақпарат орталықтарының өз оқушыларына әлемдік бәекеге қабілетті білім берулерінде, мұғалімдердің инновациалық даярлығын қалыптастыруда алатын орны ерекше.
Медиатека (media ағылшын сөзі-жалғастырушы жеткізуші құрал) – әр алуан ақпарат жеткізуші құжаттар жиынтығы (кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, видеокасеталар, CD, DVD - дискілері, интернет ресурстары), компакт дискілер, электрондық оқулықтар.
Сондай-ақ, медиатека электрондық кітапханалық ресурстармен жұмыс жасайтын электронды оқу залы.
Қазіргі медиатеканың 4 түрі кеңінен қолданылуда:
- Қағаздық медиатека: кітап, журналдар, газеттер, альбомдар және т.б.
- Магниттік медиатека: аудио, видеокассеталар;
- Сандық медиатека: компьютерлер, бағдарламалық қамсыздандыру;
- Телекоммуникативті медиатека: компьютер, интернет желілері, спутниктік байланыс, мультимедиалық компьютер, веб-сайттар және т.б.
Веб-сайт-интерактивті ақпараттық-анықтамалық құрал. Веб-сайт -сабақтың инновациялық материалдармен толығуын қамтамасыз ететін, инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсететін, мұғалім мен оқушының өз білімдерін көтеруге, жетілдіруге үлкен үлесін қосатын интерактивті ақпараттық-анықтамалық құралдың бірі.
Инновациялық әдістемелік веб-сайт 2 бөлімнен тұрады: жалпы бөлім, интерактивті бөлім.
Веб-сайттың жалпы бөлімі оның жалпы мақсат, міндеттерін ашып көрсетеді, ал интерактивті бөлімінде сабақтың жоспары беріледі.
Веб-сайд жасау (құру) кезеңдері: бастапқы, негізгі, қорытынды.
Бастапқы кезеңде:
- веб-сайтқа кіретін материалды іріктеу, жүйелеу, өңдеу;
- веб-сайтқа енетін материалдар мәліметтерінің базасын жасау;
- веб-сайттың математикалық нобайын жасау;
- әдістемелік веб-сайттың стандарттық формасын жасау, оны көпшілікке ұсыну сияқты жұмыстар атқарады.
Негізгі кезеңде:
- веб-сайттың түп нұсқасы жасалынады;
- веб-сайттың ақпараттық құрылымына сәйкес мәліметтер базасы жасалынады;
- бағдарламалық модульдер құрастырылады;
- веб-сайтты соңғы ақпараттармен толықтырады;
- веб-сайтты интернет желісіне қосады.
Қорытынды кезеңде ұсынылған веб-сайт бойынша электорндық пошта арқылы ұсыныстар, ескермелер, пікірлер жинақталып алдыңғы уақытта веб-сайт әдістемелік жағынан өңделіп отырады.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үдерісінде компьютерлік технологияның локальды және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда.
Мұғалімдер Web-сервермен жұмыс жасауға мүмкіндік алып, өздерінің іс-тәжірбиелерін және инновациялық технологияларын, басқа да ақпараттарды өздерінің Web - беттерінде, Web-сайттарында орналастыра алады.
Мектептегі телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, оқушылар электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға, халықаралық олимпиядаларға, байқауларға, ғылыми жоба байқауларына қатыса алады.
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. «Медиа» ұғымы нені білдіреді? «Медиа» терминінің мәнін ашып көрсетіңіз.
2. Медиабілім берудің мәні неде?
3. Медиабілім берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
4. «Мультимедиа» термині нені білдіреді?
5. Мультимедианың құрамды бөліктерін атаңыз.
6. Мультимедиалық құралды атаңыз.
7. Мультимедиалық өнімдерге не жатады?
8. Гипермәтін дегеніміз не?
9. «Анимация» ұғымының мәнін түсіндіріңіз?
10. Мультимедиалық технологиялардың ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
11. Мультимедиалық технологияның қандай артықшылығы бар?
12. Web-сайт ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.
13. «Медиатека» ұғымының мәнін тереңірек ашып көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |