Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет 1 Сын тұрғысынан ойлау техгологиясының құрылымы



бет123/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Сурет 1 Сын тұрғысынан ойлау техгологиясының құрылымы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы




c
Әдістері

Кезеңдері
.o






Топтау (ассоциация)
ой қозғау

1-кезең
қызығушылықты ояту



Тірек конспектілерімен жұмыс

2-кезең
мағынаны тану





Вени диаграммасы



3-кезең
ой-толғаныс



Ой-толғау




Сұрақ-жауап





Кубизм


Оқушылар тек тыңдаушы ғана емес, өз ойларын белсенді білдірушілер де. Сонда оқушылар өз білімдерін, ұғымдарын белсенді ойлау, жазу және оқу арқылы білдірулері қажет. Терең ұғыну бар ақпарат пен жаңа ақпараттың байланысы қызығушылықтың үшінші мақсатына жатады да, ол аналитикалық ойлау болып табылады. Дәл осы кезеңде тақырыптың мақсатын оқушының өзі ашады.


Мағынаны ажырату кезеңінде оқушының іс-әрекетінің барлық түрлері қамтылады. Яғни, оның жаңа тақырыпқа көшуі, оны зерттеуі, оқуы, жазуы, тәжірбие жасауы. Оқушы оқып отырып, жаңа ақпараттың өзіндік түсініктемесін кіріктіре алады. Қажет болса, мәтінді қайталап оқиды. Мәтінмен танысқанда алған ақпаратты айқындау, сұрақ қоюлары, түсініксіз жаңа ақпаратқа ескертпе жасаулары мүмкін. Бұл кезең-сабақтың ең негізгі кезеңі. Себебі жаңа тақырыпты түсіну, оны ары қарай дамыту, ой елегінен өткізіп, керекті ақпарат ретінде қолдану осы кезеңге байланысты. Тағы бір айта кететін жағдай, оқушылардың өз түсінігі болса, онда олар жаңа ақпаратты белгілі ақпаратпен біріктіріп қолдана біледі. Бірте-бірте ескі мен жаңаның арасында байланыс орнайды.
Ой толғаныс кезеңінде оқушылар оқып білгендерін, үйренгендерін топтайды, белсенді түрде өз ұғымдарын жаңамен ұштастырып қайта құрады. Нақты осы кезеңде оқушылар бар білімдерінің негізінде жаңа білімді дұрыс пайдалана алады. Дәл осы кезеңде алған білімдері бекітіледі. Бұны іске асырудың маңызды сәттері бар. Ең негізгісі, оқушылар өз ойлары мен ұғымдарын алған ақпараттар арқылы білдіреді. Ұғынудың зерттелуі мен тереңдігі шынайы тұлғалық болып табылады. Оқушылар ойында қалатыны: өз тәжірибесі, меншікті білімі, ұғыну қоры мен сөздік қоры. Ой толғаныс кезеңінің тағы бір сәті оқушылардың бір-бірімен өзара ой алмасуы. Соның аясында сөздік қоры артады, оқушылар арасында кейбір мәселелерді шешуде келіспеушілік болғанымен, ой алмасу оқушылардың бар ақпарат бойынша өзіндік пікір мен ұғымын құрастыруға көмегін тигізеді. Оқушылар пікір алмасу барысында талқылаудың түрлі варианттарын ұсынады.
Сабақтың кезеңдерін айқындау үшін мұғалім қажетті, мазмұнды сұрақтарды дұрыс қоя білуі керек. Әр кезеңнің маңыздылығына қарай төмендегі сұрақтар қойылады:
- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Осы жайлы не білесіңдер?

  • Не күтесің?

  • Нені білгің келеді?

  • Не үшін білгің келеді?

Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар өз білімдерінен жауап іздейді. Сабақта қолданылған көрнекіліктер арқылы ақпаратты өздері тауып қолданады. Ой толғаныс кезеңіне қолайлы сұрақтар: Жаңадан не білдіңдер? Тағы не білгілерің келеді?
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар.
Келесі оқыту жағдайлары сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал етеді: сын тұрғысынан ойлау тәжірибесінде мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үдерісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіру. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. Сабақта қолданылатын әдістер сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.
Топтастыру - оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі төмендегідей: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастыру. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.
«Бесжолдық өлең» стратегиясы - ақпартты жинақтау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бесжолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпарттың талданғанын және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді.
Бұл стратегия төмендегідей жолдардан тұрады:
1-жол - тақырыпты білдіретін бір сөз (зат есім);
2-жол - екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты (сын есім);
3-жол - үш сөз тақырып бойынша іс-әрекет (етістік);
4-жол - тақырыптағы сөзден тұрады;
5-жол - тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.
Бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәнінен «Адам - табиғат перзенті» тақырыбын өткенде топтастыру әдісін пайдалануға болады (сурет 3).
«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыптың түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. «Кубизм» стратегиясында ойлау, оқу, жазу, әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар:
1-бетінде - суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі.
2-бетінде -салыстырыңыз: Неге ұқсас?, айырмашылықтары болса неде?
3-бетінде - зертте: Қандай?, Қалай?, Неден жасалынған? Шығу тегі, тарихы.
4-беті - пайда болған ойлар: ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет