Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте 2 Дәстүрлі және сын тұрғысынан оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы



бет122/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Кесте 2 Дәстүрлі және сын тұрғысынан оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы



Педагогикалық үдерістің компоненттері

Дәстүрлі жүйе

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздық ойлауы, практикалық әрекетті дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронталді

Жеке, ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалу

Оқытудың нәтижесін, мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалу, рефлексия

Сабақ үстінде мұғалім оқушыларға арнайы бастапқыда дұрыс белгілі бір мәселеден әр түрлі логикалық операциялар арқылы теріс нәтижені шығарып, осы сәйкессіздікті оқушылардың өздеріне шешуге тапсырады.
Сын тұрғысынан ойлауға Блумның сұрақ қою өлшемі стратегиясы оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Сабақ мақсатын айқындау, оған қойылатын талап жаңалық емес. Ал статегияның ерекшелігі, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырады.
Нағыз сабақ- ол әрқашан диалог, ізденіс, кеңес, оқушы болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеялар және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар: проблемалық оқыту технологиялары, коммуникативті технологиялары, дамыта оқу технологиялары, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау бұл:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрады:
1 Қызығушылық ояту.
2. Мағынаны ажырату.
3. Ой толғаныс.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі (2-сурет).
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басым стратегиялық бағыттарын ашамыз.
Қызығушылықты ояту кезеңінде әрекеттің танымдық түрлері орын алады. Бұл оқушыны өз білімін талдап, жаңа тақырып бойынша ойлауға белсенділігін арттырамыз. Соның ішінде, ең бастысы, оқушы белсенді әрекеті арқылы өз білімін анықтайды, яғни бар біліміне жаңа білім қосады. Екінші мақсаты- оқушылардың өздерінің белсенділігін арттыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет