Байланысты: Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
7. Құрастыру технологиясы. Бұл технология құрастыру объектісін таңдау мен құрастыру әдістемесін құру көздерін қамтитын субъективті немесе объективті жаңа жүйені жсауға арқа сүйейді. Құрастыру технологиясының кезеңдері:
- құрастыру объектісінің жоспарын құру;
- оқу және ғылыми көпшілік әдебиеттерді іздестіру, оқу;
- құрастыру үдерісінде кездесетін мәселелерді анықтау және шешу;
- объектінің нобайын құру;
- нобайды тәжірибеде тексеру және түзетулер енгізу;
- объектілерді құру барысында ережелерді пайдалану мүмкіндігін қарастыру;
- жұмысты қорғау.