Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет93/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Жобалау сабағының сипаттамасы:
1. Мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеуі.
2. Топпен жұмыс істеу (жұппен жұмыс істеу).
3. Оқушының белсенділігі артады: жоспарлайды, эксперимент жүргізеді, ізденеді, нәтижесін шығарады және т.б.
4. Басқа мекемелермен, ұйымдармен, мамандармен бірге бірлесе жұмыс жасайды.
5. Сабақ үстінде де, сабақтан кейін де үздіксіз жұмыс істелінеді.
6. Оқушы өз ойын дәлелдеуге, жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
7. Оқушының шешім қабылдауға құқы бар.
8. Сабақтың зерттеушілік, шығармашылық бағыты бар.
9. Білім алу оқушылардың өз іс әрекеттері арқылы іске асады.
10. Оқушылар өз қателерін өздері түзету арқылы үйренеді.
11. Теория мен практика байланысы. Оқушы сабақта алған теориялық білімін тәжірибелік сабақта тексеріп көреді (сабақты өзі жүргізеді).
12. Оқушылар дербес, өз бетінше жұмыс істейді.
13. Мұғалімнің рөлі жаңа (тексерушіден кеңесшіге ауысады).
14. Жиналған материалдар қоры сабақтың нәтижесін анықтайды.
15. Сабақтың соңы ғылыми жобаның тұсаукесерімен аяқталады.
16. Сабақтан соң да оқушылар зерттеулерін әрі қарай жалғастыра береді – бүгінгі сабақ болашақтағы ғылыми – зерттеу бастамасы болуы мүмкін (2 - кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет