Байланысты: Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
Жобаның жүргізілу тәртібі: 1. Болашақ жоба тақырыптарының тұсаукесері.
2. Топтардың санын және әр топта жұмыс істейтін топ мүшелерін (2-7) анықтау
3. Ақпарат көздері мен іс -әрекет жоспарын талқылау.
4. Жоба тақырыбы бойынша топтардығы жұмыс:
- ақпараттарды жинау;
- өздерінің жеке материалдарына талдау жасау;
- мұғалім кеңесі;
- түзетулер енгізу;
- ақпараттарды іздеу;
- жаңа деректерді талдау;
- топ мүшелерін қанағаттандыратын мәліметтерді жинақтау, талқылау;
- қорытынды материалды жазу.
5. Жобаны қорғау.
6. Қорытынды жасау, рейтингілік бағалау.
7. Рефлексия.
Жобалау технологиясы есебінен берілетін жобалау сабағын қарастыралық.
Жобалау сабағы («проект» - латын тілінен енген, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші») алдын-ала жоспарланған, алдына қойған түпкі мақсаты бар сабақ болып табылады.
Жобалау сабағының ерекшеліктері:
- Жобалау сабағының басында басты мәселе қойылады;
- Жобалау сабағының ортасында мәселе шешіледі (жобаланады);
- Жобалау сабағының соңында жобаның тұсаукесері жасалынады, жоба қорғалады.
- Мұғалім оқушылармен бірігіп жоспар құрады, жұмыс жасау әдістерін талдайды;
- Оқушылардың өмір тәжірибесі, қазіргі өмір шындығы пйдаланылады;
- Оқушыларға өз өмір тәжірибесін, өз ойларын сабақта тікелей пайдалануға мүмкіндік береді;
- Сабақтың бір бөлігін (не түгел) жүргізу оқушыларға жүктеледі;
- Оқушылар өздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын өңдейді, құжаттандырады, бірлесіп жоба жасайды, жасаған жобаларын көпшілік алдына талқыға салады, ашқан жаңалықтарын топ алдында қорғайды, баяндайды, жобаның тұсаукесерін жасайды.