Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет22/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
лекция
1 тақ мед карта Назарәлі Ж, Әлеуметтану 3 шы агмдкка, СОЧ Русский язык и литература Я2 8 кл обновлен(3), 1111111112023 ~1
1. Тәрбиешінің білімін көтеру. Балабақшадағы әр тәрбиеші кәсіптік шеберлігін көтеріп отыруға тиісті. Меңгеруші бұл мәселені яғни тәрбиешілердің керекті және жаңа шыққан әдебиеттермен танысып отыруларын, өз білімін көтеру жоспарын жасауын үнемі қадағалап отырады. Әсіресе тәрбиешілер арасындағы сырттан оқитындарын ерекше назарға алып, егер қажет болса, аға тәрбиешінің оларға көмектесулерін ұйымдастыруы тиіс. Сонымен бірге меңгеруші олардың әдістемелік бірлестіктерге, үйірмелерге, аудан жанындағы семинарларға қатысуларын бақылайды. Жекелеген мамандықтың лекциялары да тәрбиешінің білімін көтеруге әсер етеді. /логопед, врач-гигиенист, балалар жазушысы, тілшілер, ғалымдар т.б./
Пед.колледж,пединституттардағы тіл дамыту мәселесімен айналысып жүрген ғылыми қызметкерлер, мұғалімдердің лекцияларын ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ жаңа шыққан әдістемелік әдебиеттерді талқылау керек. Бес минуттық информацияда газет – журналдардан мақал, хабарлама жасауға болады, түрлі тақырыптағы стенділер, кітап көрмелерін ұйымдастыруға болады. Басқа балабақшаларға, музейлерге, спектакль, кинофильмге барудың да тәрбиеші шеберлігін арттыруда ролі үлкен.
2. Озат тәжірибені тарату. Тәрбиешінің өзара сабаққа қатысулары ең қарапайым әдіс меңгеруші кімнің сабағына қатысу керектігін таңдайды және ашық сабақ өткізетін тәрбиешіге көмек береді. Педкеңесте өткізілген ашық сабақ талқыланады.
Тіл дамыту бойынша өткізілетін шараларды ұжымдық түрде бақылап, талдау. Мұнда да алдын ала тәрбиешілер дайындалады, соңынан кең талқылау болып, нақты ұсыныстар беріледі. Жылына 2 – 3 ашық сабақты жоспарлауға болады. Алдымен мұндай ашық сабақтарды тәжірибелі тәрбиешілер жүогізеді. Сабақ мазмұнын тәрбиеші өзі жоспарлап дайындайды.
Егер ұжымда жас тәрбиешілер болса, жұмысты былайша бөлуге болады: біреуі-балалардың сөзін, екіншісі тәрбиешінің сөзін, үшіншісі жалпы сабақ жүрісін жазып отырады. Талдау кезінде сабақ өткізген тәрбиешіге алдымен сөз беріледі,бұл оны өз жұмысын талдай білуге, кемшілігін көре білуге тәрбиелейді.Ашық сабақ өткізуге де,қатысушыларға да есте қаларлық оқиға болып өтуі тиіс.
Ашық сабақтар тек қана сол балабақшаның тәрбиешісі үшін емес, аудандағы бала бақшалардың тәрбиешілеріне де, курстағыларды да шақыруға болады. Ашық сабақты ұйымдастыру, өткізу, талдаумен жұмыс бітпейді. Оны енді тарату керек, басқа тәрбиешілердің іс-тәжірибесіне енгізуі қажет.
Пед.кеңес әдістемелік жұмыстың тұрақты негізгі формасының бірі. Жылдық жоспарда әрбір пед.кеңестің мазмұны анық көрсетілуі тиіс, ал календарлық жоспарда оның мерзімі, дайындайтын адам, баяндамашыларды белгілейді. Пед. кеңесте қатысушыларға аз да болса, көмек болатындай жаңа, жете меңгерілмеген және негізгі тақырыптарды талдаған дұрыс.Егер балабақшада жыл бойына 8-10 пед.кеңес өткізілетін болса, оның ең кемінде 1-2 тіл дамыту әдістемесіне арнауы тиіс.
Жыл соңында қорытынды пед.кеңесте балалар тілінің жағдайы міндетті түрде талқыланады. Тәрбиешілер, меңгеруші өз сөздеріне қандай педагогикалық жұмыстар кіммен, қалай, қашан жүргізілгенін, қандай нәтиже көрсеткенін айтуы тиіс, балалар сөзінен мысалдар келтіру керек.
Пед.кеңестің соңында шешім қабылданып, нұсқаулар ұсынылады, қабылданған шешімнің орындалу мерзімі көрсетіледі. Меңгеруші кеңес шешімінің орындалғанын мұқият қадағалауы тиіс, сонда ғана нәтижелі болады.
Көпкомплектілі балабақшадағы бір жастағы топтар тәрбиешінің кеңесіп өткізуді іске асырғаны дұрыс. Әр айға бөлініп жасалады.
Тәжірибелі тәрбиешілер жұмысын жазбаша түрде де жинақтауға болады, яғни олардың жасаған альбомдары, сабақ конспектісі, күнтізбелік жоспарларын пед. кабинетте арнаулы орынға қойылады.
Тәрбиешілер жұмысының нәтижесін жинақтау, қорытындылау.
Меңгеруші өз балабақшасындағы тәрбиешілердің жұмысымен танысып, бағалап қоймай, тәрбиешілерге таныстыруы да керек. Мысалы, дыбыстық мәдениетін қалыптастыру бойынша әр топтағы балалардың жағдайынан салыстырмалы кесте жасап, пед.кабинеттегі стендіге іліп қоюға немесе ауызша хабарлауға да болады. Мұндай кестені өткен жылғымен салыстырып отырған да артық емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет