Сынып жетекші Нартаева А. А сынып сағатының түрі



бет14/17
Дата20.11.2023
өлшемі76,17 Kb.
#192429
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1-тоқсан Тәрбие қмжлары толық (1)

Сабақты қорытындылау
2."Суда дәм жоқ"
Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді.
Суға қант және тұз қосып дәмін татады.

Кері байланыс

Су қандай табиғатқа жатады?
- Өлі
- Бізге қонаққа кім келді?
- Тамшы келді.
- Адамдарға су не үшін керек?
- ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз.
- Өсімдіктер, жануарлар, балық -
тар сусыз өмір сүре ала ма?

Рефлексия

Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.
Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады.





Сынып 4

Сынып жетекші

сынып сағатының түрі
сұрақ-жауап

Тақырыбы

«Қарттарым асыл қазынам» сынып сағаты



Күні

18.10.2021ж

Жалпы мәліметтер

 Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Негізгі мақсаттар

Өлеңді мәнерлі оқуға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Күтілетін нәтижелер

Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Түйінді идеялар

Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы
Мұғалім:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! 4 - сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ой қозғау
Меңгеру



жүргізуші:
Әже - ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы - қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым»деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
оқушы:
Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
оқушы:
Ата - әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: «Сағындым әже өзіңді»
жүргізуші:
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз.
жүргізуші:
Қазақ ғұрпындағы ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
оқушы:
Қарттық - деген қасиетті ұғым бір,
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр.
оқушы:
Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
оқушы:
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
жүргізуші:
Ата - әже ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сергіту сәті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет