Жеке жұмыс: дидактикалық-танымдық тапсырмалар
Сабақты пысықтау: Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп көрейік.
-Ақша деген не? (барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар)
-Төл теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15 қараша)
-Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
-Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
-Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
-Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
-Біздің елімізде қандай қалаларда «Теңге сарайлары» бар? (Өскемен мен Алматы)
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)
-Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноталық фабрикада)
Рефлексия
Мақал – сөз мәйегі. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер. 2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды. 4. Ақша ашпайтын құлып жоқ. 5. Ақшада көз жоқ. 6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.