Современная наука: новые подходы и актуальные исследования



Pdf көрінісі
бет55/107
Дата21.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#169625
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107
Байланысты:
тасболатова 249-256 страницы, 2022

Пайдаланылған әдебиеттер: 
[1] Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық жинақ. 
Тәуелсіздік кезеңі (1991-2001). – Алматы: Қазақпарат, 2006. – 10 
т. – 528 б. 
[2] Ахметжан Т. Мұң: хикаяттар мен әңгімелер жинағы. – 
Алматы: Қазақпарат, 2003. – 236 б. 
[3] Морозова Н.Г. Экфрасис в прозе русского романтизма: 
дис.... канд. филол. наук: 10.01.01. – Новосибирск, 2006. – 210 с. 
[4] Федоров А.Н. Семантическая основа образных средств 
языка. – Новосибирск: Наука, 1969. – 92 с. 
© А.К. Ибрайханова, 2022 
 
 
 
 
 
 


155 
А.М. Картаева, 
Э. Орманбек,
 
e-mail: 
kartaeva2011@mai.ru,
 
ВКУ им. С.Аманжолова, 
г. Усть-Каменогорск. Казахстан 
М. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ» РОМАНЫНЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ 
МЕН «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫН ЖОО-ДА 
САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ 
 
Аңдатпа:
мақалада ЖОО-да М.Әуезовтің «Абай» 
романының түпнұсқасы мен «Абай жолы» эпопеясын салыстыра 
оқыту сөз етіледі. Абай мұрасының тек дәстүрлі емес сонымен 
қатар жаңартылған білім мазмұнына сай әртүрлі әдіс-тәсілдер 
арқылы оқыту әдістемесі талданады. «Абай» романының 
түпнұсқасы мен «Абай жолы» эпопеясы салыстырылып 
ұсынылады.. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әртүрлі 
тәсілдерді қолдану арқылы, тақырыпты тереңдете оқыту 
қарастырылады. Қазіргі таңда Абайды тану өзекті іс 
болғандықтан ЖОО-дағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында 
оқитын студенттерге аса қажетті ақпарат болып табылады. 
Кілт сөздер:
«Абай» романы, Абайды тану, әдіс-тәсіл, 
заманауи технология, жаңартылған білім беру, салыстыра 
оқыту.
«Абай жолы» – халқымыздың көркем мұрасын биік 
сатыға жеткізіп, ұлттық кодымызды әлемдік деңгейге дейін 
көтерген үздік қайталанбас туынды. М.Әуезов өз романы 
арқылы Абай бейнесімен қазақ халқының өн бойындағы 
даралық қасиетті, халықтық символды көрсете білген ұлы 
жазушы. Ұлттың ұлысы болған Абайдай дананың зерттелуі мен 
халыққа өнеге болып таралуын жазушы өз бойына міндет етіп 
ала білгендігінің нәтижесі – бүгінгі таңның өзекті болып 
отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық 
бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша таптырмас алтын 
құндылық. 
Абай мұрасының зерттелуі және ЖОО-да оқытудың 
әртүрлі әдіс-тәсілдерін зерттеу – қазіргі күннің ең алдыңғы 


156 
қатарлы 
мәселелерінің 
бірі 
де 
бірегейі. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Қасым-Жомарт 
Кемелұлы 
Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай 
және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: Абайды тану – 
адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі 
дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің 
көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, 
Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы 
қажет», – деп баса көрсетуі бүгінгі таңдағы ең маңызды бізге 
қойылған міндет [1]. 
Заманның жаңашылдық бағытына сай Абайды зерттеп-
зерделеу, ғұмыры мен шығармашылығын тану әрі жас ұрпаққа 
насихаттау, ақынның асыл мұрасын әр тараптан талдап 
қаралуына мемлекет тарапынан көптеген игі істер атқарылуда. 
Ә
дебиеттегі дара тұлға Әуезов шығармашылығын ЖОО-да 
оқыту мәселесі өте күрделі сала болғандықтан, терең 
білімпаздық пен аса ізденімпаздықты қажет етеді. Шығарманы 
оқыту үшін үлкен дайындық, терең ойлай білу, үлкен жүрек пен 
сезім қажет. Осы орайда, ЖОО-да педагогика мамандығын 
даярлау курсының қазақ тілі және әдебиеті мамандығындағы 
студенттерге романды талдаумен қатар, алғашқы нұсқасының 
жазылу құрылымымен салыстыра талдату қажетті әрі өзекті 
тақырыптардың бірі болмақ.
Роман 
өз 
тұсының 
жазылу 
кезеңінде 
әртүрлі 
қиындықтарға тап болып, бірнеше басылымдарға түсіп, 
оқырман қауымына үлкен еңбектің нәтижесінде тиесілі болды. 
Романның баспа беттерде бірнеше мәрте жарық көруі, қайта 
өңделіп ары қарай зерттелуінде көп еңбек пен қажырлы қайрат 
жұмсалды. Жазушы шығармашылығының алғашқы баспалдағы, 
бірінші құнды кітабы 1942 жылы, 
екіншісі 1947, үшіншісі 1952, 
төртінші томы 1956 жылы жарыққа шықты. Эпопея алғаш рет 
баспа бетінде «Абай» деген атпен жарық көрді. Алғашқы 
«Абай» атымен жарық көрген екі кітабына 1949 жылы КСРО 
мемлекеттік сыйлығы берілді. «Абай жолы» кітабының тұтас 
төрт томына 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Осы орайда, 
шығарманың құндылығына шетел жазушыларының өз арасында 
баға жетпес пікірлер мен құнды талдаулар жүзеге асырылды. 
Соның ішінде француз жазушысы Луи Аргон: « Әлемнің басқа 


157 
елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің 
ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» деген 
ұтымды пікір айтады. Бұл пікірдің өзінен шығарманы оқып 
көрмеген оқырман қауымның өз арасында шығармаға деген 
қызығушылық артып, халық арасында кеңінен танылуына 
дәнекер болады. Қазақтан бөлек шетел ғалымдарының арасында 
осындай бағалау болып жатқанда, өз елінің, туған жерінің 
топырағында туып-өскен әрбір жастың бұл туындыны бір емес 
бірнеше рет қайталай оқып, көңіліне түйіп, қажетті рухани демді 
алып, өз өмірімен Абайдай дананы ұштастыра білуі парыз деп 
есептеймін. Ал, сол туындыны тілге жеңіл әрі оқырман көңіліне 
ұмытылмастай етіп жеткізе білу – ұстаздардың яғни біздердің 
міндетіміз. 
Абайды тану бүгінгі таңда тереңге бойлап дамып 
кетті және мүлде жаңаша таныммен зерттеуге бағыт алды. Абай 
әлемі түпсіз терең, оған бару үшін үлкен теориялық даярлық, 
үлкен жауапкершілік керек.
М. Әуезов шығармашылығын зерттеуші жазушы-ғалым Т. 
Жұртбай: «Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолының өзі 
қазақ мәдениетінің рухани тарихындағы құбылыс. Ол сан-
салалы және жинақтай зерттеуді қажет етеді» деп ескертеді 
[2]

Жазушының шығармашылығына арналған зерттеулер негізінен 
жекелеген ғылыми тақырып пен жанрлық, теориялық, танымдық 
тұрғыда дара-дара қарастырылды. М.Әуезовтің «Абай жолы» 
роман-эпопеясын оқытудың жолдары мен талдаудың түрлері 
белгілі әдіскер-ғалым Т.Ақшолақовтың, Қ.Тасболатұлының 
еңбектерінде талданып қарастырылған. Ары қарай әртүрлі 
тұстан зерттеп қарастыру өз өзектілігін одан әрі арттыруда. 
Заман ағымына сай, бүгінгі технологиялық бағыттың 
дамуына қарай, жазушы шығармашылығын оқытуды да әртүрлі 
ұтымды әдіс-тәсілдер арқылы талдау қажеттілігі туындайды. 
Студенттерді креативті тұрғыда ойлай білуге сонымен қатар 
сыни тұрғыдан талдап, шығарманы бір қырынан ғана емес 
рухани, 
идеялық, 
аргументативті 
тұстары 
тұрғысынан 
салыстыра талдай білуге дағдыландыру міндеттеледі. Осы 
орайда «Абай» деген атпен жарық көрген романның алғашқы 
кітабы мен өңдеулер енгізіліп қайта жарық көрген «Абай жолы» 
романының арасындағы айырмашылықтарды талдап көрсету – 
зерттеу жұмысының басты бағыты негізіне ие болды. Ең 


158 
алдымен «Абай жолын» тереңдете оқытуды негізгі ұстаным ете 
отырып, оны меңгертудің жеңіл, оңтайлы жолдарын қарастыру 
қажеттілігі туындайды. Бірінші кітап бойынша салыстыра 
оқытуда әрбір тарау бойынша жұмысты жүзеге асыру тиімді әрі 
ұтымды әдістің бірі. Тараулардағы тұстарды талдау барысында 
оқырманға анық әрі жеңіл болу үшін арнайы кесте ретінде 
нақты орналастырылған «Жеңілден күрделіге» ұстанымында 
үлгі ұсынылады. Бұл үлгі шығарманың нақты аргументативті 
тұрғыдан талдауға негізделіп құрылған. Өңделіп қайта жарық 
көрген романның алғашқы нұсқасынан негізгі айырмашылығы 
бүгінгі таңда оқырманға ұсынылып жүрген Алматы «Жазушы», 
2013 жылғы баспа бойынша 52-беттен бастап өзгеріске ене 
бастаған. Яғни романның алғашқы тарауы «Қайтқанда» 
бөлімінен басталады 
[4, 376 б.]
. Негізгі талдамасы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет