153
ішінде теңеулерде де ой нысанының сезімдері, көңіл-күйлері,
«экспрессивті бағалау контекстегі экспрессиямен байланысты»
беріледі [4, с. 13].
Жазушы
композициялық
баяндау
формаларының
көмегімен интуитивтік, иррационалды сана тәрізді күрделі
күйлерді де бейнелеуге тырысады. Шалға өңі, я түсі
екені
белгісіз халде ғашығының Бойжеткеннің жиырма жыл бұрын өз
махаббаттарынан туғанын, өздерінің қызы екенін хабарлап
кетуі, Шалдың өз перзентін түйсік арқылы сезуі оны екіұшты
күйге түсіреді. Қиял мен шындық арасындағы суретшінің өлімі
де шығарманың жұмбақ сипатын қалыңдатқан. Т.Ахметжан
символикалық нышандар арқылы өз шығармаларындағы
нақтылы болмыс пен фантастикалық сарынды үйлестіре біледі.
Мысалы, «Нобель сыйлығы» повесінде періштенің жерге түсіп,
адамдардың ар-ұятын, адамгершілік табиғатын сынақтан өткізуі,
кейіннен адамдардың ағат тірлігінен қайтадан көкке қайта
алмауы сияқты фантастикалық
сарын мен қазіргі қоғамдағы
ақшаға, саудаға негізделген қарым-қатынастар шындығы қатар
өрілген.
Жазушы бүгінгі сауда заңына бағынған қоғамның рухани,
адамгершілік көкейкесті мәселелерін жалпы адамзаттық
деңгейге көтереді. Автордың айтатын ойының ауқымы
глобальды, жаһандағы проблемалық мәселелерді көтереді. Т.
Ахметжан адамзатты ежелден толғандырып келе жатқан, қазіргі
уақытта да аса алаңдатып отырған мәселелерді түбегейлі
шешуге тырысады.
«Сұлу мен суретшінің» алтын тіні,
арқауы суреткердің
тағдырына құрылған, кешегі кеңес дәуірінде де, бүгінгі
тәуелсіздік заманында да ақиқат пен әділдік деген адамның
адамы ғана жүре алатын жолды таңдаған суреткер деген
ағайынның айдарынан жел есе қойған жоқ. Ал суреткерге Алла
тазалық сыйлап, жүрегіне
иман береді, сондықтан да
суреткерлер қоғамнан теперіш көріп жүретін бір тайпа ел. Оның
қолынан жағаласып алдау, арбау, тиыннан тиын құрау келмейді,
керісінше суреткер қу мен сұмға ылғи оппозицияда жүреді.
«Сұлу мен суретші» осындай суреткердің өмірін сомдаған
шығарма.
М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында
154
талантты
режиссер
Нұрқанат
Жақыпбай
сахналаған
Талаптанның «Сұлу мен суретшісі» театрдың үлкен бір табысты
қойылымы болды.
Талаптан Ахметжан қазақ руханиятындағы өзіндік
қарапайым, әрі тым сыпайы
болмысты әсем әлемін жасап
үлгерген жан еді. Қатаңдық пен қаталдықты емес, әр жүректегі
аяр сезімнің отын үрлейтін нәзік лириканы жазды. Оқырман ол
әлемге қалай еніп кеткенін, көңіл құсының қайтіп шартарапқа
құйқылжып қалықтағанын білмей қалатын-ды. Ішіне енбесең,
сыртынан бажайлағанға ондай бақытты сәт бұйырмас. «Аяз
сүйген
көңілімнің әйнегі, көрінбейді көмкерілген қыраудан»
деген сөзі арнап айтпаса да, осыны аңғартар.
Қаламгер ортасынан ойып тұрып орын алып, оқырман
тілегіне сай озық туындыларын ұсынуда да қарманып қалмады.
Заманының сезімтал суретшісі бола білді. Қауырсын қаламының
екпіні іштегі тоқырау мен толымсыздықтың шектеуінен емес,
бес күн жалғандағы болымсыздықтың өткелінен кілт тосылды.
Жазушылар қауымы жазғанынан жазары көп болатын деді.
Сонысымен биік, сонысымен асқақ еді...
Достарыңызбен бөлісу: