|
Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы
|
Дата | 10.04.2023 | өлшемі | 12,01 Kb. | | #174088 |
| Байланысты: Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір
Адамның баласы.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Айттым сәлем, Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғаннан сені ойлап
Келер көзден ыстық жас
Асыл адам айнымас
Бір бетінен қайырылмас
Көрмесем де, көрсем де
Көңілім сенен айырылмас
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|