Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы: Басқарудың теориялары
Орындаған:Демес М.С.
Тексерген: Джумажанова Г.К.
Группа: МИ-001
Семей 2020 ж
Тейлор енгізген басқарудың үш қағидасы
Басқару ғылым, ғылыми пән ретінде ХХғ. басында пайда болған. Классикалық теория бағытының негізгі шарттары болып, жұмыс жасау, соның ішінде атқарушының жұмысы, ғылыми әдістермен жүргізілуі тиіс. Тейлордың ойлауынша жұмыс орнында жиналған объективті мәліметтер істеуіне түрткі болады деген.
Тейлор ғылыми басқарудың мәнін төрт басқару принципі арқылы көрсеткен:
Ескі, долбарлы практикалық жұмыс әдістерін алмастыратын ғылыми іргетасты қалау, еңбектің әрбір жекелеген түрін ғылыми зерттеу;
Жұмысшылар мен менеджерлерді ғылыми критерийлер негізінде іріктеу, оларды жаттықтыру мен үйрету;
Ғылыми негізінде еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды іс жүзін асыруда әкімшілікпен жұмысшылардың бірлесе әрекет етуі;
Жұмысшылар мен менеджерлер арасында міндеттерді (жауапкершілікті) біріңғай және әділ бөлу.
Осы төрт заңдылық ғылыми басқарудың басты идеяларын көрсетеді. Тейлордың тапсырымы бойынша еңбекті тиімді ұйымдастыру жалпы игілік көлемін өсіреді де қатысушылардың үлестері басқалардың қысқартуынсыз өседі. Сондықтан басқарушылар мен жұмысшылар міндеттерін тиімді атқарса екі жақтың да табыстары өседі. Бұл екі топтың басынан Тейлордың айтуынша “ауыл революциясын” кешіру керек. “Ақыл революциясы” басқарушылар мен жұмысшылар арасында бір-бірін түсінушілік арқасында жалпы ортақ мүдделерін қанағаттандыруынан тұрады.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрібір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Жұмысшыларды ғылыми критерші бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.
Еңбекті ұйымдастырғанда әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасынадағы жауапкершілік.
Достарыңызбен бөлісу: |