Жүкті әйел қаралуға келген сайын оның салмағы,бойы өлшеніп отырады. Алынған мәліметтер бойынша индекс массы теланы анықтайды. Ол салмақтың бойдың квадратының қатынасына тең: ИМТ=m/м2 20-24,9-қанағаттанарлық тамақтану 25-29,9-семіздіктің І-ІІ сатысы 30-дан аса-семіздіктің ІІІ-ІV сатысы
Жүкті әйелге дене конституциясына сәйкес өзіне тән салмақ қосу нормасы бар. Негізі 3 типті дене конституциясын ажыратады:
Жүкті әйелге дене конституциясына сәйкес өзіне тән салмақ қосу нормасы бар. Негізі 3 типті дене конституциясын ажыратады:
Нормостеник- орта бойлы,оның дененің көлденең бөлімдерімен дұрыс қатынасы,бастың,мойынның,кеуденің және аяқ-қолдардың пропорционалды размерлері.
Астеник- ұзын бойлы,ұзындығы көлденең бөлімдерінен ұзын.
Гиперстеник- кіші бойлы,көлденең размерлері үлкен.
Дене салмағын қосу мөлшерін бағалағанда массабойлық коэфицент ескеріледі.
МРК%=m/м*100 Әйелдің әрбір салмақтық категориясында гравидограммада жүктілік кезіндегі қалыпты дене салмағын қосу шекаралары көрсетілген линиялар белгіленген. Келесі өлшенулерде “масса,кг” графасында дене салмағы белгіленіп,нүктемен соған сәйкес жүктілік мерзімі белгіленеді. Пайда болған нүктелер бір-бірімен қосылып,жүктілік кезінде әйелдің қосымша салмақ қосуын мінездейтін қисық сызықты қалыптастырады.
Қорытынды
Гравидограмма-бұл субъективті әдіс болып табылады. Сондықтан диагнозды нақтылау үшін УЗИ, биохимиялық, гормондық анализдер т.б. жүргізіледі. Дегенмен гравидограмма жүкті әйелдің жүктілік ағымының динамикасын бағалауда өз септігін тигізеді.