Егер жатыр түбі сыртқа қарай жылжыған болса, сантиметрлік лентаның басын жатыр түбінің ең алшақ орналасқан бөлігіне дейін әкеліп өлшейді. Жатыр түбі биіктігінің динамикасын анықтау 80 %-ке жуық жүкті әйелдердің ұрығының баяу дамуын болжауға мүмкіндік береді. Жүкті әйел қарауға келгенде оның жатыр түбінің биіктігін өлшеп,оны вертикальды осьте бір нүктемен белгілейді. Горизонтальды осьте сол келген кездегі жүктілік мерзімін белгілеп, сосын екі нүктені бірге қосады. Осылай әрбір қаралуда жасайды. Нәтижесінде сәйкесінше қисық сызық пайда болады.