Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты


Қан түзу жүйесі ауруларында науқасқа қарау жүргізу



бет134/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.

Қан түзу жүйесі ауруларында науқасқа қарау жүргізу.

Мақсаты: диагностикалық.


Жалпы қарау

  1. Бозару

  2. Сарғаю

  3. Тілдің өзгеруі

  4. Тері астындағы қансырау дақтарының пайда болуы

  5. Баспалар


Жүргізу іс әрекеті:


Аускультация

  1. Жүрек: (функционалдық шуылдар)

  2. Өкпелерде пневмония белгілерінің пайда болуы

Перкуссия

  1. Жалпақ сүйектердің ауруы

  2. Бауыр мен көк бауырдың үлкеюі

Пальпация

  1. Лимфа бездерінің үлкеюі

  2. Бауырдың,көк бауырдың үлкеюі

Ең бірінші науқастың жағдайы мен есіне назар аудару қажет. Жағдайы ауыр науқастар қан жасау жүйесі ауруларының терминалдық жағдайларында байқалады. Тері мен кілегей қабаттарды күндізгі жарық жағдайында тексеру қажет. Олардың түсіне назар аудару қажет. Анемия кезінде тері мен кілегей қабаттары бозарады. Хлороз кезінде тері алебастр түстес болады. Аддисон-Бирмер анемиясында тері аздап сарғаяды. Гемолитикалық анемияда тері мен кілегей қабат қанық сары түсті болды. Терінің бозаруы анемияның күмәнсіз белгісі ретінде қаралмайды. Өйткені, ағзаның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты бозаруы мүмкін (тамырлардың терең орналасуы). Тамырлардың тарылуға ұшырауы да теріні бозартады. Сондықтан анемияның дәлірек белгісі кілегей қабаттың бозаруы қаралады. Оны жоғарғы немесе төменгі қабақты төмен тарту арқылы тексереді. Созылмалы лейкоз кезінде тері түсі сұрланады. Эритремия кезінде тері қанық қызыл түстес болады. Геморрагиялық диатездер кезінде тері мен кілегей қабаттың бетінде түрлі өлшемді және формалы дақтар пайда болады. Олар ұсақ нүктелі бөртпелерден үлкен өлшемді дақтарға дейін ауытқуы мүмкін. Өте үлкен қансырау дақтарын қанды сүйел деп атайды (кровоподтек). Алғашында геморрагиялық бөртпелер қызыл түсті болады. Кейіннен көкшіл, жасыл, сары түске айналады да, біртіндеп жоғалады. Қабынуға байланысты дамыған бөртпелерге қарағанда геморрагиялық дақтардың үстін басқанда олар жоғалмайды.

Стандарт 18Ішкі секрециялы бездер жүйесі ауруларында науқасқа қарау жүргізу.Мақсаты: диагностикалық .Жүргізу іс әрекеті:


Жалпы қарау


  1. «көз» симптомдары

  2. семіру

  3. жүдеу

  4. қалқанша безінің үлкеюі

  5. фурункулез

  6. терінің пигментациялануы

  7. тырнақ,тіл,шаштың өзгеруі

  8. қолдың дірілдеуі-тремор

Пальпация

  1. Тері жағдайларын анықтау

  2. Қалқанша безді анықтау

  3. Тамыр соғысын анықтау(тахикардия,брадикардия)

Эндокриндік бұзылыстарға диагностика жасауда жалпы қараудың маңызы зор. Науқасқа бір қарғаннан ақ кейбір диагнозды қоюға болады. Бұл диффузды токсикалық ұра, микседема, акромегалия, алыптылық, ергежейлік, Иценко-Кушинг синдромына байланысты белгілер.Науқастың бет әлпетіне эндокриндік жүйенің аурулары әсерін тигізеді. Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде үлкейген жыпылықтамайтын, жалтыраған, тасырайған көз, адамның бет әлпетіне қорқыныш кескінін береді,қалқанша безінің қызметі төмендегенде, науқастың беті дөңгелек,жалпақ болады. Науқастың бет әлпеті немқұрайдылықты немесе ақылы кем адамды еске салады. Акромегалия кезінде мұрын, ерін, тілдің өлшемдері үлкейеді,төменгі жақ сүйектерінің тым үлкеюі, тіс аралығының ажырауына әкеледі. Гипофиздің қызметі төмендегенде науқас семіреді, ер адамның бет әлпеті (әйелге тән) нәзік болады.Бойы: Алыптың бойы (195 см биік) көбінесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің жоғарлағанда (акромегалиялық алыптылық) немесе жыныс бездерінің қызметінің төмендегенде (әтектік алыптылық) кездеседі. Ергежейлілік (135 см аласа) гипофиздің алдыңғы бөлігінің төмендегенде дамиды. Ол кезде ересек кісіде балалық шақ кезеңіндегі дене пропорциялары сақталып, жыныс мүшелері дамиды, екіншілік жыныстық белгілірі болмайды. Мұндай симптомдар қалқанша без қызметінің төмендеуіне микседема белгілері мен ақыл – естің дамымауы қосылған кезде пайда болады. Тері: Терінің бозарып, сарғыш түсте болуы – микседемаға, беттің қызаруы – Иценко – Кушинг синдромына тән. Кілегей қабаттар мен тері жамылғыларының, әсіресе, тері қатпарларының (алақан және т.б) қола түстес болуы Аддисон ауруымен сырқат науқастарда анықталады (бүйрек үсті безі қызметінің жетіспеушілігі). Құрғақ, қабыршықтанған тері қалқанша және қалқагша маңы бездерінің төмендегенде байқалады.Май-шел қабаты: бүкіл денеге майдың біркелкі таралуы тиреогендік семіруге тән. Жамбас тұсына майдың көптеп жиналуы гипофиздік семіруге тән. Бет пен денеге майдың көптеп жиналуы Иценко – Кушинг синдромының белгілері болып табылады. Жедел қант диабетінің кейбір түрлерінде, тиреотоксикоз ауруларында байқалады. Гипофиздің зақымдалуына байланысты дамитын кахексия Симмондс ауруына тән симптом болып қаралады.Сүйек жүйесі: әдектік кезінде түтікті сүйек эпифизінде сүйек түзілуінің кедергілері байқалады. Сүйектердің бірден қалыңдауы акромегалия кезінеде көрінеді. Бұлшық ет жүйесі: қалқанша маңы бездерінің гормондары қанға жеткіліксіз түскен кезде науқастарда тоникалық тырысулар байқалады. Бет бұлшық еттерінің тырысуы кезінде мәжбүрлі күлкі бет – әлпеті білінеді. Бұлшық еттің қалыптан тыс дамуы акромегалияға тән. Жалпы қарау әдісін ішкі секрециялық бездердің ішіндегі жыныс және қалқанша бездеріне ғана жүргізуге мүмкіншілік бар.

Стандарт 19 Кеуде сарайының пальпациясы, дауыс дірілін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет