Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы


Табиғат, туған жер көріністеріндегі бейнелі тілдік қолданыстардың жасалуы



бет23/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

Табиғат, туған жер көріністеріндегі бейнелі тілдік қолданыстардың жасалуы

ХХ ғасыр басындағы табиғат туралы өлеңдердің жырлануында мынадай саралану байқалады: бірінші – жылдың төрт маусымдық мезгілдерін бір-біріне жалғастыра жырлау, екінші – табиғат құбылыстарын жеке сипаттап жырлау.


ХХ ғасыр басындағы аталған табиғат туралы өлеңдерде дала келбеті, оның әрбір сәтіндегі дамылсыз, үздіксіз жүріп жатқан қозғалыстардың, өзгерістердің түрлі-түсті бояулары – бәрі де психологиясық тұрғыда суреттеледі. Даланың өзендері мен көлдерінің, таулары мен ормандарының, аспанының, топырағының, өсімдіктерінің, ауасының – бәрінің өзара үндескен табиғи келісімді сұлулық тұнған әлемін бейнелеуде ұлттық дүниетанымға сай нақыштарға кезігеміз. Ақындар жылдың көктемін балалық, жас өспірімдік, жазын есею, ер жету, күзін егделену, қысын қартаю секілді адам өмірінің белестеріне баламалау арқылы өмір сырларының философиялық мәнін ашады.
Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, М.Сатыбалдиев, А.Бақтыгереева өлеңдерінде жырланатын ортақ көріністердің тілдік тұрғыдан ұйымдасуын талдап көрсек, бұл ақындардың өлеңдерінде жыл мезгілдерінің ішінде басты жырланатындары – көктем, күз, қыс мезгілі.
Поэзияда көктем бейнесі – көктемнің сыртқы көрінісі ғана емес, жаңа өмірдің, жарықтың, жақсылықтың бастауы. Сондықтан көктем туралы жырларда ақындар арасында көптеген ұқсастықтар жиі байқалады. Мысалы:
Көктем әкеп гүл букетін салды үйіп,
Қаңсып қалған тамырларға қан құйып.
Байғұс ара шырын іздеп шарқ ұрды,
Тіршіліктің таңдайы үшін бал жиып. (Ж.Н. Дымқыл жапырақ. 2-21)
Бетке жұққан даланың ақ тозаңы
Ақ жаңбырлар жумаса, жуылмайтын. (С.Ж. Ақ жаңбыр. 1-64)
Түкті кілем түгіндей боп жер-ана
Құлпырады күн шұғыласын төккенде. (М.С. Жайлау көктемі. 1-218)
Алғашқы үш ақын көктем арқылы тіршіліктің басталатындығын суреттейді, алайда олар бұл суреттеуде әртүрлі әдістерді қолданады. Осы өлеңдердегі бейнелі сөздерге талдау жасар болсақ:
Көктем әкеп гүл букетін салды үйіп,
Қаңсып қалған тамырларға қан құйып. (Ж.Н. Дымқыл жапырақ. 2-21)
Бұл жерде ақын кейіптеу тәсілімен көктемге жан бітіре жырлайды, жалпы жер атаулының, суға шөлдеген топырақты – тамырға балап, көктемгі жаңбырдың жаууын қан құю деп бейнелейді.
Байғұс ара шырын іздеп шарқ ұрды,
Тіршіліктің таңдайы үшін бал жиып. (Ж.Н. Дымқыл жапырақ. 2-21)
Ал келесі жолында тіршіліктің оянуын бір ғана араның бейнесі арқылы береді. Себебі ара – қазақ дүниетанымында дамылсыз еңбектің, тынымсыз тіршіліктің символы. Сонымен қатар бұл шумақтағы «тіршіліктің таңдайы» тіркесін окказионал сөз қолданысы ретінде қарастыра аламыз, бұл арқылы ақын өмірдің мәні деген ойды оқырманға жеткізуге тырысқан.
Келесі ақындар көктемдегі тіршілікті тура мағынасында жырлайды:
Көктемде бір торғайлар шуылдайтын,
Көктемде бір тоғайлар шуылдайтын. (С.Ж. Ақ жаңбыр. 1-64)
Түкті кілем түгіндей боп жер-ана
Құлпырады күн шұғыласын төккенде. (М.С. Жайлау көктемі. 1-218)
Мұнда біріншісінде қайталау тәсілі қолданылса, екіншісінде жер-ананың құлпыруы түкті кілемге теңеліп, «түкті кілем түгіндей» деп бейнеленеді. Яғни түкті кілем дегені – жер бетінінің көктеуін, гүлденуін білдіреді.
Лирикалық шығармалардың қай-қайсысында да болмаса көктем көбіне аруға теңеледі. Келесі өлең жолдарында да көктемнің ару бейнесінде суреттелуі метафора тәсілі арқылы жүзеге асқан: «Сылаңдаған бейне ару – көктем де, жаны құмар оған сірә тек мен бе?». Бұл тармақ арқылы ақын көктемді қол жетпес бағалы жанға балайды.
Ал келесі ақын көктемнің өтуін өмірдің ең жақсы дәуренінің өткендігімен қатар қояды, салыстыра жырға қосады:
Май өтті, көктем өтті, гүлдер өтті,
Сыбдыр тал, ай сәулелі түндер өтті.
Қарлығаш сайрауымен келген арман
Тырналар қиқуымен бірге кетті. (А.Б. Сүмбіле. 2-218)
Бұл жерде май өтті, көктем өтті, гүлдер өтті, түндер өтті деп өтті етістігінің қайталануы да өлеңге ерекшелік беріп тұр. Бұл арқылы ақын тек көктемнің ғана емес, өмірдің бір орнында тұрмайтындығын тілге тиек етіп, «қарлығаш сайрауымен келген арман, тырналар қиқуымен бірге кетті» деп антоним сөздер – келді-кетті сөздері арқылы да шумақты әсерлей түскен.
Көктем тақырыбын ашатын сөздердің лексикалық тобы: гүл букеті, тіршілік, түкті кілем, торғайлар мен тоғайлардың шуылдауы, күн шұғыласы, ақ тозаң, ақ жаңбыр.
Барлық ақындар үшін лирикадағы көктем – рухани гүлденудің, бақыттың жаңа кезеңі.
ХХ ғасыр лирикасында жиі жырланатын келесі жыл мезгілі – күз. Ақындардың күз туралы өлеңдерінен мысал келтірер болсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет