Кедейлік қоғамның бірнеше саласына эсер етеді. Кедейлік ақ нәсілді америкалықтардың да, басқа нәсілді америкалықгардың да, кішкентай қалалар мен үлкен қалаларда да, жұмыс істейтіндер мен істемейтіндердің арасында да, толық және толық емес отбасыларда да бар. Бірақ басқаларға қарағанда кейбір топтарға көбірек эсер етеді. Алайда кедей ақ америкалықтардың саны көп; жоқшылық афроамерикалықтар мен латынамерикалықтарға ортақ. Оған қоса, 7.2-кестеде көрсетілгендей, кедейлікке жастар, азаматтығы жоқ адамдар және толық емес отбасылар жиірек душар болады. Кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан адамдар күнделікті ауыр күйзеліс үстінде. Балалары тоя тамақ ішпейді, ата-аналары мүлде аш, өсе келе балаларға киім табу олар үшін мұңға айналады. Уайымы көп, шешімі жоқ болған соң, кәдімгі салқын тиюден ауруға шалдықса да, дәрігерге қаралуға шамасы жетпейді. Жоқшылықта күн кешкен кедейлерде үй деп атайтын баспана да болмайды. 2008 жылы 3.5 миллион америкалық, оның 40%-ға жуығы балалар, баспанасыз болған. Кедейлік сана-сезім - бір күндік өмір сүруді бағалаумен шектелу.
|
Орта тап үлкен және түрлі топтардан тұрады және шамамен халықтың 30-40%-ын құрайды. Орта топтағы көпшіліктің жоғары білімі немесе орта кәсіптік білімі болғанымен, еңбекақысы жұмысшы тап өкілдерінің ақысынан төмен болуы мүмкін. Орта тап мүшелерінің табысы жоғары немесе томен болғанына қарамастан, олар жұмыс орнының қауіпсіздігіне баса назар аударады және жұмысшы табына қарағанда қызметте өсуге мүмкіндіктері көбірек болады. Орта тапқа жататын қызметкерлер әдетте медициналық сақтандыру және науқастануға байланысты демалыс секілді маңызды жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Бірақ ондай жеңілдіктер саны соңғы 20 жылда азайып кетті. Орта таптың мәдениеті жоғарғы таппен жұмысшы табы мәдениетінен ерекше. Жұмысшы табындағы адамдармен салысгырғанда, орта таптағы адамдар үйлерін діни иконалармен толтырмайды немесе боулинг командасының мүшесі болмайды, олар білімді және жыныстар арасындағы тең құқықтылықты бағалайды. Сонымен орта таптағы ата-аналар балаларымен бірге көңіл көтеpin, өздеріне бағынудың маңыздылығын түсіндіреді.
|
Жоғарғы тап халықтың шамамен 1%-ын құрайтын екі топтан тұрады. Біріншісі - отбасыларының табысы мен мәртебесі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген адамдар. Бүл адамдар Жаңа Англиядағы кішігірім Andover, Exeter және Choate сияқты дайындық мектептерінде оқыған. Бұл мектептердің көптеген түлектері Гарвард, Йель және Принстон секілді Ivy League оқу орындарына түседі. Олар оқуын бітірген соң елдің таңдаулы клубтарына қосылып, жоғары мәртебелі епископтық немесе пресвитерлік шіркеулерге барады. Олар көркем мұражайлар, симфониялар, опера және т.б. «жоғары мәдени» үйымдарға қызмег көрсетуі мүмкін. Екінші топ миллиондаған немесе миллиардтаған доллар табысының кем дегенде бір бөлігін өз еңбегімен (мұраға емес) тапқан адамдардан тұрады. Құрама Штаттарда шамамен 500 000 миллионер тұрады. Кедейліктен байлыққа жеткендері де бар. Олардың көпшілігі - орта таптағы немесе жоғарғы таптағы ата-аналары жақсы мектептерде оқытып, қаржылай көмек көрсетілгендер.
|