Факультеті «Ақпараттық технологиялар»
Кафедрасы «Ақпараттық жүйелер 22-04»
СӨЖ
Тақырыбы:Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Гидденс Э.)
2022 жыл Стартификация Стратификация - әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы. Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Стартификация құрылымының түрлері:
Касталық жүйелер
Таптық жүйелер
Касталық жүйелерде адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты. Егер сіз ер адам болсаңыз, онда әкеңіздің кәсібін меңгеру талап етіледі (егер әкесі болмаса, адам пақыр болып қалуға мәжбүр). Егер әйел адам болсаңыз, анаңыздың жолымен үй шаруасымен айналысу керек, әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады. Ал адам жалқау ма, ақымақ па не еңбекқор және білімді ме - бұл маңызды емес. Сонымен қатар касталық жүйеде әлеуметтік жағдайы өзіңіздің жағдайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша, балаңызға сіздің және жүбайыңыздың мәртебесі беріледі. Үндістан - касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі. Барлық үнділер (көпшілік діні) бедел, билік және байлықпен ерекшеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға бөлінеді. Касталық жүйелер қазір Үндістаннын, кейбір мұсылман және христиан қауымдарында да кездеседі. Кастадағы мүшелік тұрақты, яғни атадан балаға беріліп, өзгермей, өмір бойы сақталады. Үндістан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, 1950 жылы, касталық жүйені ресми түрде заңсыз деп жариялады. Содан бері елдегі 200 миллион далиттердің, яғни «сот жоқ кастаның» мәртебесі арта түсті. Алайда олар әлі күнге дейін кемсітуден аса кедейліктен тіпті кейде оларға қарсы жасалатын этностық зорлық-зомбылықтан зардап шегуде.
Таптық жүйелерде ресурстардың тең бөлінбеуіне басты себеп болатын - қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін анықтайтын басты факторлардың бірі - кәсіби мамандану, бірақ ол туа қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктерге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына байланысты. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі - әлеуметтік ұтқырлық, яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен құлдырау бағытында болады. Мұндай ұтқырлық ұрпақтар арасында кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың білімі болмаса, сіз бәрібір әлеуметтік ұтқырлықпен жоғарылай аласыз. Адамның әлеуметтік таптағы орны ауыспалы болуы ықтимал. Мысалы, орташа жастағы инженер жұмысынан «қысқартылып», «Wal-Mart» дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса - әлеуметтік ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшырағаны. Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы, жынысы, ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкіндіктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына эсер етеді.