Әдебиеттер: [1;4;6;15;18]
№ 14 семинар Тақырыбы: Оқыту нәтижелерін бақылаудың түрлері мен әдістері.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Оқытудың аралық нәтижелерін бақылауды үйрену.
Негізгі сұрақтары:
Оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары.
Педагогикалық бақылауды ұйымдастыру принциптері.
Әдістемелік нұсқаулық: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
Өткізілу формасы: «Мозайка»
Әдебиеттер: [1;4;6;7;20]
№ 15 семинар Тақырыбы: Психология курсының жекелеген тақырыптары бойынша практикалық және лабораториялық сабақтардың әдістемелік жоспары.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Лабораториялық сабақты өткізудің негіздерін талдау.
Негізгі сұрақтары:
1.Лабораториялық сабақ теоретико-әдіснамалық білімдер мен тәжірибелік біліктердің интеграциясы ретінде
2.Лабораториялық сабақтарға жеке әдістемелік ұсыныстар
3.Практикалық сабақтардың мақсатын және негізгі міндеттерін сипаттау.
4.Жаттығулар практикалық сабақтардың формасы ретінде
Әдістемелік нұсқаулық: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі
Өткізілу формасы: Коллоквиум.
Әдебиеттер: [1;4;6;7;10]
3-модуль бойынша бағалау критерийлері: Психологияны оқыту формаларының ерекшеліктерін білуі және жобалай алуы;
Психологияны оқыту нәтижелерін бақылаудың түрлері мен әдістерін білуі;
Психологияны оқыту әдістемесін жетілдіруде одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын игеруі;
Психологиялық пәндерден сабақты жоспарлай алуы, жүргізе білуі және сабақты психологиялық-педагогикалық талдауы, бағалай алуы.